Жаңалықтар

Партиялардың атаулары сайлау бюллетенінде қандай тәртіппен орналасады?

ашық дереккөзі

Партиялардың атаулары сайлау бюллетенінде қандай тәртіппен орналасады?

Орталық сайлау комиссиясы партиялардың атаулары сайлау бюллетенінде қандай тәртіппен орналасатынын анықтау мақсатында жеребе тарту рәсімін өткізді деп хабарлады turkystan.kz. ҚазАқпараттың мәліметінше, оған тіркелген 7 партияның өкілдері қатысты. Олар ортаға шығып, ішіне 1-ден 7-ге дейін сандар жазылған конверттерді алды. Тиісінше, жабық конверттегі нөмірлер партияның бюллетенде нешінші болып орналасатынын айғақтайтын болады. «Жеребе қорытындысына сай, 19 наурызға тағайындалған партиялық тізімдер бойынша Парламент Мәжілісі мен мәслихаттарға кезектен тыс сайлауда дауыс беруді өткізу кезеңінде саяси партиялардың атаулары сайлау бюллетенінде келесі тәртіппен орналасады: Amanat партиясы - бірінші орында, «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы - екінші орында, «Respublica» партиясы – үшінші орында, Қазақстан халық партиясы – төртінші орында, «Байтақ» жасылдар партиясы – бесінші орында, «Ақ жол» партиясы – алтыншы орында, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы – жетінші орында. Жеребені өткізу тәртіптері хаттамамен бекітіледі», - деді ОСК мүшесі Сәбила Мұстафина. Еске сала кетейік, Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау 19 наурызға белгіленген.