Қазақстанда жануарларды азаптау дерегі көбейген
Қазақстанда жануарларға қатыгездікпен қарайтындар саны ұлғайып, заңсыз аулау көрсеткіші артқан деп хабарлады turkystan.kz Finprom ресурсына сілтеме жасап.
Биыл қаңтарда елімізде жануарларға қатыгездік танытқан 5 жағдай тіркелді. Былтыр осы уақытта 8 жағдай болған. Сонымен қатар балық аулау және басқа да су жануарлары мен өсімдіктерді заңсыз өндіруге қатысты 11 жағдай тіркеліп отыр. Былтыр 9 іс тіркелген.
Одан бөлек, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар жан-жануарлар, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарларға қатыгездік танытуға қатысты 17 қылмыстық іс қозғалған. Бір жыл бұрын 12 қылмыс тіркелген. Биыл қаңтарда заңсыз аулау өткен жылға қарағанда 17-ден 12 жағдайға дейін азайған.
Жануарларға қатыгездікпен қарауға қатысты ең көп қылмыстық құқық бұзушылықтар Павлодар облысында тіркелді. Өткен қаңтар айында 3 жағдай (бір жыл бұрын еш жағдай тіркелмеген) болды. Заңсыз балық аулау Қарағанды облысында жиі болған, бір айда 5 жағдай тіркелді.
Жетісу облысы заңсыз аң аулау бойынша ерекшеленіп, қаңтарда 3 құқық бұзушылық жасалды. Сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар жануарлар мен өсімдіктерге қаупі көбіне Ақтөбе облысында тіркелді. Биыл қаңтарда 4 құқық бұзушылық болды, бұған дейін бір де бір жағдай болмаған.
Еске сала кетейік, Алматыда 8 ақпаннан бастап жануарларды аулау, уақытша ұстау, жою, сондай-ақ, үй жануарларын ұстау мен серуендетудің жаңа ережелері күшіне енді. Жаңа қағидаға сәйкес қаңғыбас жануарларды аулағанада оларға ешқандай залал келмеуі тиіс.