Жаңалықтар

Месси маусымда үйленбек

ашық дереккөзі

Месси маусымда үйленбек

Испандық «Барселона» футбол клубының шабуылшысы Лионель Месси өз туған күнінде үйленбек. Бұл туралы aif.ru. хабарлады.

Аргентиналық футболшының сүйіктісі Антонелла Рокуццомен некелесу күні биылғы 24 маусымға жоспарланған. Бұл күні Месси 30 жасқа толады. Некелесу рәсімі олардың туған қаласы Росариода өтеді. Ақпарат көзінің жазуынша, футболшы өз тойына  700-ге жуық қонақ шақыруды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, Лионель мен Антонелла азаматтық некеде тұрады. Екі ұлдары бар. Тұңғыштары Тьяго 2012 жылы, ал екінші ұлдары Матео 2015 жылы дүниеге келген.