Қарағандыда асфальт опырылып, екі көлік шұңқырға түсіп кетті (ВИДЕО)

Қарағандыда асфальт опырылып, екі көлік шұңқырға түсіп кетті (ВИДЕО)

Қарағандыда асфальт опырылып, екі көлік шұңқырға түсіп кетті (ВИДЕО)
ашық дереккөзі

Қарағандыда құбыр жарылып, салдырынан пайда болған шұңқырға көліктер түсіп кетті деп хабарлады turkystan.kz.

Бұқар жырау даңғылы, 96-үйде бірнеше сағат аралықпен екі жол апаты болды. Әлеуметтік желіде оқиға орнынан фотолар мен видеолар тарады. Онда көліктердің алдыңғы дөңгелектері су апаты болған шұңқырға батып кеткенін көруге болады.

 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Караганда | Новости | Дороги (@dorogi_karagandy)

Аталмыш оқиғаға қатысты жол қызметшілері мен «Қарағанды су» ЖШС пікір білдіріп, екі күн бұрын бұл жерде диаметрі 400 мм суық су құбырынан су атқылағанын түсіндірді.

«Қарағанды су» мекемесінің жөндеу бригадасы жолды жауып, суды сорып, апатты жойды. Алайда 17 ақпанға қараған түні тағы да апат болып, су жолды басып, жерді шайып кеткен», - дейді ЖШС өкілдері.

Облыстық полиция департаментінің өкілдері аталған жайт бойынша хаттама толтырылғанын жеткізді.

«Полиция көлік иелерінің мүлкіне зиян келтіру фактісі бойынша материалдар жинап жатыр. Шығын сомасын өндіру үшін жәбірленушілер сотқа талап арызбен, ішкі істер органдарының материалдарын қолдану арқылы жүгінуі қажет. Осы бөлімге жауапты «Қарағанды Су» ЖШС лауазымды тұлғасына қатысты «ҚР заңнамасының жерасты кәріздерін, жол қауіпсіздігіне қауіп төндіретін коммуналдық қызметтерді күтіп-ұстау жөніндегі талаптарын сақтамау» бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды», - делінген ПД хабарламасында.