БҚО-да мал ұрлаумен айналысқандар ұсталды

БҚО-да мал ұрлаумен айналысқандар ұсталды

БҚО-да мал ұрлаумен айналысқандар ұсталды
ашық дереккөзі
Ағымдағы жылдың 16 ақпаны күні сағат 6:00 шамасында Серебряков ауылы маңында жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде БҚО-да бірқатар ауыр қылмыстар жасаған 1990 және 1987 жылы туған екі азамат ұсталды деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Олардың автокөліктерінің салонын тексеру кезінде 16 ақпанға қараған түні күдіктілер Ақжайық ауданының Ілбішін ауылынан ұрлап әкеткен бір ірі қара малдың еті, балта, арқан және 3 пышақ табылды. «Олардың басқа да ашылмаған қылмыстарға қатыстылығын тексеру кезінде Ақжайық, Бәйтерек және Теректі аудандарының аумағында 2022-2023 жылдары бұрын жасалған тағы 5 мал ұрлығы фактілеріне қатыстылығы анықталды», - деп жазды ІІМ-нен. Аталған факт бойынша ҚР ҚК 188-1 бабы 3 бөлігі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.