MediaLab журналистика орталығы ашылды

MediaLab журналистика орталығы ашылды

MediaLab журналистика орталығы ашылды
ашық дереккөзі
Қазақстандық қоғамдық даму институты жанынан MediaLab журналистика орталығы ашылды. Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Жоғары білім және ғылым министрі Саясат Нұрбекпен бірге MediaLab журналистика орталығының ашылуына қатысты. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне қарасты қазақстандық қоғамдық даму институтында орналасқан орталықта медиа мамандардың біліктілігін арттыруға қажетті жағдай жасалған.
«Естеріңізде болса, Astana MediaWeek форумда біз медиа индустрияны зерттеумен, журналистика және коммуникация саласындағы мамандардың біліктілігін арттырумен жүйелі түрде айналысатын орталық ашамыз деген едік. Енді, міне, соның орайы бүгін келіп отыр. «MediaLab» орталығы медиа тұтыну паттерндерін ғылыми тұрғыда зерттеуді, журналистердің, әсіресе, аймақтағы журналистердің біліктілігін арттыруды, салалық журналистиканы жетілдіруді, баспасөз хатшыларының кәсіби дағдыларын дамытуды көздейді», - деді Дархан Қыдырәлі.
Орталықта журналистика мамандығы бойынша оқып жатқан студенттерге де әдістемелік қолдау жасалады.
«Біз әлемдегі журналистика мектептерінің озық деген оқу бағдарламаларын «Ашық силлабус» жобасы аясында Қазақстанға әкеліп, үздік кітаптар мен оқулықтарды қазақ тіліне аударуды жоспарлап отырмыз», - деді Дархан Қыдырәлі.
Қорытындыда министрлер білім және ғылым саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыруға уағдаластыққа қол жеткізді.