Жаңалықтар

Қазақстандық боксшы WBC рейтингісінен шығып қалды

ашық дереккөзі

Қазақстандық боксшы WBC рейтингісінен шығып қалды

Жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (11-0, 6 КО) Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) рейтингісінен шығып қалды деп хабарлады turkystan.kz. Vesti.kz сайтының мәліметінше, осыған дейін қазақстандық боксшы рейтингіде 20-орында болған. Ал қазіргі таңда тізімде мүлде жоқ. Бұл боксшының белсенділігінің төмендігіне байланысты болса керек. Өйткені Данияр рингке соңғы рет 2021 жылы шыққан. Еске сала кетсек, осыған дейін Халықаралық бокс ұйымы (IBO) Елеусіновтен әлем чемпионы атағын алып қойған.