Жаңалықтар

Атырауда бұралқы иттерді аулау жұмыстары жүргізіліп жатыр

ашық дереккөзі

Атырауда бұралқы иттерді аулау жұмыстары жүргізіліп жатыр

Атырау қаласында бұралқы иттерді аулау жұмыстары жүргізілуде деп хабарлады turkystan.kz atr.kz сайтына сілтеме жасап. 15 ақпан күні Кеңөзек ауылдық округінде жасөспірімді ит қапқан. Облыстық балалар ауруханасы травматология бөлімінің меңгерушісі Сергей Хванның айтуынша, 8 жастағы бала бірден жансақтау және қарқынды терапия бөліміне жатқызылған. Балаға ота жасалды. Қазіргі таңда тиісті ем-шаралары көрсетілуде. «Бүгінгі күні бұралқы иттер мәселесі өзекті болуына байланысты «Атырау қалалық ветеринариялық стансасы» мекемесімен аулау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде екенін хабарлаймыз. Ол үшін 3 бригада жұмыс жасауда. Қала аумағында ит қабу фактісінің орын алуына байланысты жауапкершілік танытып, өз аулаңыздағы үй жануарына немқұрайлылық танытпай, мұқият қарауларыңыз сұраймыз», – деп хабарлады Атырау қаласының әкімдігі. Айта кетейік, жыл басынан бері 1000-нан астам бұралқы ит ауланған.