Екі аяғынан айырылған Серік мұны шектеу емес, мүмкіндік деп санайды

Екі аяғынан айырылған Серік мұны шектеу емес, мүмкіндік деп санайды

Екі аяғынан айырылған Серік мұны шектеу емес, мүмкіндік деп санайды
ашық дереккөзі
«Тағы бір күн – тағы бір мүмкіндік». 13 жасынан бастап бұл сөйлемді ұран етіп алған Серік Есма­товты тыңдасаң, ақыл-ой деңгейі жағынан өз жасындағылардан алға озғанын байқайсың. Абай­сызда пойыз астына түсіп, екі аяғынан айырылған ол бұған шектеу емес, мүмкіндік деп қарайды. Ешбір психологтың көмегінсіз тығырықтан шығар жол тауып, өз-өзін қамшылаған ол 15 жасында отырып ойнайтын волейболдан жастар ұлттық құрамасына қабылданып, үш айдан соң Малайзияда өткен құрлықтық жарыста үздік іштікке ілінген. Спорттан ерте қол үзуге мәжбүр болса да, қоғамдық жұмысқа белсене араласып, «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы атанған. Амбициясы мықты, арманы асқақ Серікке хабарласып, әңгімесін жазып алған едік.

Он үш жасымда екі аяғымнан айырылдым

Ағаларым шымыр болуымды қадағалап, ба­ла кезімнен спорттың бірнеше түрімен ай­налысқанымды қалады. Сондықтан 1-сы­ныптан бастап велоспорт, жүзумен ай­налыстым. Сосын футбол, волейбол, бас­кетбол секцияларына бардым. Бәрінен бұ­рын волейболға көп ден қойдым. Сосын жек­пе-жек түрлеріне қызыға бастадым, әсі­ресе бокс спорты қатты ұнады. Бокс десе ішер асын жерге қоятын ортаншы ағама еріп мен де залға барып жүрдім. Көп ұзамай ау­дандық, қалалық жарыстарда топ жарып, жүл­делі орындарды иелендім. Сол кезде біз­дің залға шеберлік сыныбын өткізуге кел­ген Серік Сәпиев ағам екеуіміздің кө­зі­міз­ден әлдебір ұшқынды байқап, резерв ко­­мандаға шақырды. Кейін кардиолог ма­ман ағама бокспен айналысуға тыйым сал­ды. Оған қоса, мен де жасым кішкентай әрі жарақат алу қаупі басым болғандықтан, бокстан қол үзуіме тура келді. Десе де, спорт­тан қол үзіп кеткенім жоқ. Көңілім жүзу спортына ауды. Жарақат алмай тұрғанда шұғылданған соңғы спорт түрі де осы жүзу еді. Біз Алматы-1 теміржол вок­за­лының қасында тұрамыз. Қалаға шығу үшін әлгі теміржол жатқан жерді кесіп өтуің керек. Сол күні хауызда екі сағат бойы жүздім. Арасында он минут қана үзі­ліс жасадым. Ал он минуттың ішінде бұл­шық еттеріңді қалпына келтіру мүмкін емес. Расында, судан шыққан соң денемді сез­бей қалдым. Сол шаршаған күйі дос­та­рыммен бірге үйге қайту үшін автобусқа отыр­дық. Күн ми қайнатардай шыжып тұр­ғаны есімде. Иығымдағы суланып қал­ған орамалдар мен эпикировка салынған сөмкенің қандай ауыр екенін ойлай беріңіз. Соңғы аялдамаға жеткенде достарым дү­кен­ге кіріп кетті, ал мен үйге қарай бет­те­дім. Бәлкім, қатты шаршағаннан, мүмкін ба­лалық немқұрайлығымнан болар, пойыз кесіп өтетін теміржол трассасына тұрып алып­пын. Содан жүйткіп келе жатқан пойыз­дың астында қалай қалып кеткенімді бай­қамай да қалдым. Бірінші оң, сосын сол ая­ғымды жаншып өтті. Мұны байқаған жол кү­зетшісі, сосын достарым жүгіріп келіп, же­дел жәрдем шақырып, ауруханаға алып кет­ті. Сөйтіп, он үш жасымда екі аяғымнан айы­рылдым. Отадан кейін екі аяғымның жоқ екенін көргенде барлық арманым көз ал­дымнан ұшқандай болды.  width=

Жарақат алғанымда «анама не айтамын?» деген сұрақ мазалады

Әрбір ата-ана баласы үшін өз өмірін сарп етеді. «Балам» деп шыр-пыр бо­­­лып, қас-қабағын аңдып, бар тәттісін ба­ласының аузына тосады. Аяғынан тік тұр­ғызу үшін күн демей, түн демей жұмыс іс­тейді. Дамыл таппайды. Сол секілді менің ата-анам да менен ештеңе аямады. Бәрін бер­ді. Өз уақытын, назарын, қолдауын ма­ған «инвестициялап», үлкен сенім артты. Сөй­тіп жүргенде, әп-сәтте-ақ мұның бәрі­нің күлі көкке ұшты. Мен мұны олардың көңіліне салған үлкен дақ деп есептедім. Аяғымнан айырылғанымды байқаған кезде мені алдымен «Мен бәрін құрттым. Анама не айтамын?» деген сұрақ мазалады. Жара­қат алғаннан ота жасағанға дейін есімді бі­ліп жаттым. Сол кезде басымнан өткен ауыр сәттерді сөзбен айтып жеткізе ал­май­мын. Ешкімнің басына мұндайды тіле­мей­мін. Таңғаларсыз, бірақ мен мұны тәжірибе деп білемін. Ауыр тәжірибе. Бұдан соң мен­де өзгелер көре алмайтын өмірдің кей­бір сәттерін танып-білу мүмкіндігі пайда бол­ды. Ересек адамдардың ақылы жет­пей­тін кейбір тұстарды жете түсінетін болдым. Құн­дылықтар, көзқарас өзгерді. Жасам­паз­дық рух пайда болды. Ауруханада екі ай жат­қанда міндеттерімді айқындап алдым. Жо­ғарыда айтып өткенімдей, маған отба­сым, бапкерлер, мұғалімдер үлкен үміт арт­ты. Жастайынан спортқа араласқан ба­ла қайтсе де бапкердің сенімін ақтауды ой­лайды. Себебі бапкеріңнің үйреткенін құ­лаққа ілмей, шалыс қадам бассаң, сені құ­рамадан алып тастайды. Ақырында, қа­тарластарыңнан қалып, салың суға кетіп, керексіз болып қаласың. Бапкерлерімнің санама сіңірген осы талабы ауруханада жат­қанымда қатты көмектесті. Сал болып жат­сам да сау күнімде маған артылған се­нім­ді ақтауға асықтым. Денсаулығымды те­зірек жақсартқым келді. Әрі ай­на­лам­да­ғылардың маған аянышты көзбен қара­ғанын қаламадым. Алғашында адам төзгісіз ауыр, азапты күндерді өткіздім. Адам жа­нының бұлай қиналғанын, дененің мұн­шалық сыздағанын өмірі көрмегенмін. Мен көрген ең қорқынышты көрініс – көшеде қайыр-садақа сұрап, шарасыз күйге түскен адамдар. Осы жағдайға түсуге қорқатын едім, ақырында өзім сондай шарасыз күйге түстім. Бұл шырғалаңнан шығудың жолын із­дедім. Ақыры таптым. Бір жерім жан шы­датпай ауырса, ойымды басқа нәрсеге бұру­ды әдетке айналдырдым. Сол әдет маған күн сайын басқа адам болып оянуыма кө­ме­гін тигізді. Дәрігерлерден бөлек, өзімді өзім «емдеуіме» септігін тигізді. Күніге оян­­ған кезде алдымен мойын бұлшық етін жат­тықтырамын. Сосын басыма массаж жа­саймын. Одан соң төсектен тұруды, тік оты­руды үйрендім. Басында мұның бірде-бі­реуін істей алмайтынмын. Себебі денем­дегі көп жарақатты айтпағанда, бас сүйек­терім де шайқалған еді. Осылайша, алды­мен физикалық, сосын моральды-пси­хо­ло­­гиялық тұрғыда жақсара бастадым. Ауру­­ханадан шыққаннан соң алты айдан кейін протез кидім. Оған бой үйретіп, тың­ғылықты жаттыққан соң алдымен бір бал­дақсыз жүре бастадым. Сосын протезде тұ­рып, тепе-теңдікті сақтауды үйренген соң екіншісін де керек етпедім. Ара-тұра ам­путациядан кейін дененің жетіспейтін бө­лігінде сезілетін фантомдық аурулар ма­залайды. Жоғарыда айтып өткенімдей, он­дай уақытта басқа нәрсеге көңіл ау­дара­мын. Музыка тыңдадым, түрлі дерек­терді ақтарып, әлем таныдым. Әйгілі адамдардың өмір­баяндарын оқыдым. Сөйтіп, жаңа өмір­дің есігін аштым. Одан соң жаттығу з­алына барып, денемді шынықтыруды қол­ға алдым. Туыстарыма масыл болғым кел­ме­ді. Олардың кешке дейін менің айна­лам­да зыр жүгіріп жүргенін, менің бетіме қа­рап, көңілімді аулап отырғанын, ең оңай зат­тарды істеуге көмектескенін қаламадым. Өзім де бәріне үлгере аламын. Мен – то­лық­қанды адаммын. Иә, аяғымнан айы­рылдым. Бірақ мен оған шектеу ретінде қа­­­рамаймын. Қайта бұл – мен үшін мүм­кіндік. Осылай оптимистің көзімен қара­ға­нымның көмегі көп тиді. Қарап тұрсам, бәрі де адамға байланысты екен. Өмірдің соқ­қысын қалай қабылдасаң, әрмен қарай со­лай кетеді екен. Шыдап-бақсаң, ала ал­майтын қамал, аса алмайтын асу жоқ еке­ніне көзім жетті.  width=

Отырып волейбол ойнау мүмкін емес деп ойладым

Бір күні протез-ортопедия орталы­ғын­да протезін ауыстыруға келген, па­­­ралимпиадашыларға волейбол ойнауды үйретіп жүрген қызылордалық бапкермен кез­десіп қалдым. Ол маған Алматыда өзі се­кіл­ді спортқа баулитын клуб өкілдерінің бай­ланыс телефондарын берді. Жоғарыда айт­қанымдай, бұрын мектепте волейболға қат­ты қызықтым. Волейбол – көп қимылды қа­жет ететін, аяққа көп салмақ түсіретін ойын. Әлгі клуб өкілдерімен келісіп, залға кі­ріп барғанымда паралимпиадашылардың отырып волейбол ойнап жүргенін көріп, «Бұлай ойнау мүмкін бе? Бұл шынайы ма?» деп абдырап қалғаным бар. «Мен бұлай ой­най аламын ба десеңші?!» деген ой маза бер­мей қойды. Сосын онда жанталасып ой­нап жүргендердің ойынын біраз бақы­ла­ған соң волейболды отырып та ойнауға бо­латынын түсіндім. Дегенмен оңайға соқ­­­пайтынын сездім. Еденде отырып во­лей­бол ойнау жүгіріп ойнаудан бес есе ауыр. Барлығы қолыңа байланысты. Допты қағып алып, басқаға беру үшін бұрылу көп күшіңді «жұлып» алады. Дей тұрғанмен, өзім­ді сынап көргім келіп, үздіксіз үш ай­дай жаттықтым. Отырып ойнап көргенде адам­ның мүмкіндігі шексіз екеніне көзім жет­ті. Осылайша, жаңа әлем аштым. Өзімді жаңа қырымнан таныдым. Аз уақыттың ішінде әлеуетімді көрсетіп, жастар ұлттық құра­масына қабылдандым. 18-20 жастағы ко­мандаластарымның арасында ең жас ойын­шы атандым. Ол кезде 15 жастамын. 2013 жылы Малайзияда өткен Азия жастар па­ралимпидасында қола жүлдені енші­ле­дік. Бұл – тәуелсіз Қазақстан тарихында бұ­рын-соңды болмаған жетістік. Жалпы, бұл жарыстың маған берері көп болды. Оған дейін шетелге шығып көрмегенмін. Әрі жалғыз, ата-анамсыз ешқайда аттап бас­пағанмын. Айта кетерлігі, бізге алаңсыз жат­тығуға жағдай жасалмаған еді. Тәулігіне 3-5 мың теңге алатынбыз, бірақ ол жаттығу жиын­дарына баруымызға ғана жететін. Деген­мен ол команда үшін барымды сал­дым. Өте белсенді ойыншы болдым. Бас­қа­ла­ры қырық сылтау айтып, ойыннан бас тарт­қанда немесе жарақат алғанда мен қал­ғанын желпіндірумен болдым. Ақы­рын­да, команда капитаны, кейін бапкердің бей­­ресми көмекшісі атандым. Біздің ко­ман­­дада адамдар саны азая бастағандық­тан жаңа ойыншы табу, оны біздің ортаға бейімдеу, команданы алға сүйреу міндеті ма­ған жүктелді. Көп жұмыс істедім. Айтып тұр­мын ғой, менде көз жасымды көл етіп еңі­реп, боздап, қиналып отыратын уақыт бол­мады. Сырт көз ойлайтындай деп­рес­сия­ға немесе қорқыныш пен күдіктің апа­ны­на түспедім де. Ұлттық құрама қатарына қосылған соң әлеуетім асып-тасып, балдақ пен протездің не екенін ұмыттым. Жара­қат­тың сыздап ауыратынын да есімнен шы­ғардым. Ауаны толтыра жұтып, әр кү­німе шүкір айтумен болдым.  width=

«100 жаңа есім» жобасы ерекше серпін берді

Бірінші Президенттің бастамасымен қолға алынған «100 жаңа есім» жо­ба­сы өмірімді 180 градусқа өзгертті десем ар­тық айтпаймын. Ересек өмірімдегі маңыз­ды қадам дәл осы жобадан бастау ал­ды. 18 жасымда бұл жобаның жеңімпазы ата­намын деп еш ойламағанмын. Бұл жо­ба­ға қатыса жүріп, еліміздің әр өңірінен кел­ген түрлі маман иелерімен таныстым. Көбі­мен бейресми кездесу ұйымдастырып, етене араласа бастадым. Осылайша, мүлде басқа ортаға топ ете қалдым. Ол уақытта кә­сіби спортпен қош айтысқан кезім. Ойын­шылардың көбі жалақы төлен­бей­тін­діктен ынтасы кеміп, командадан кетіп қал­­ды. Бала-шағасы барлар, пәтерде тұра­тын­дар нәпақа табу керек екені айтпаса да тү­сінікті. Сосын мен де команданың жыр­ты­ғын жамаймын деп шаршап, спортпен қош айтыстым. Ол уақытта Қазақ спорт жә­не туризм академиясында ақылы бөлім­де оқитынмын. Еріктілер қатарына қосы­лып, қоғамдық жұмыстарды қолға алдым. Мүм­кіндігі шектеулі жандардың назын тың­дап, жүрген жерімде олардың мәселе­сіне назар аударуға үндеп жүрдім. Көп ұза­май мені дөңгелек үстелдер мен пленар­лық отырыстарға сарапшы ретінде шақы­ра­тынды шығарды. Аудан, қала әкімді­гін­де­гілер менің азаматтық ұстанымдарыма құ­лақ асып, менімен санасатын болды. Өзім оқыған академиядағы жастар ісі бас­қармасына барып, жастарға қолдау көр­се­туге қатысты өз көзқарасымды жиі ай­та­тын­мын. Сөйтіп, білім ордасында белсенді клуб ашып, біраз игі істер атқардық. Мұны байқаған академия әкімшілігі маған қолдау көрсетіп, грантқа ауыстырды. Айтпақшы, 2017 жылы Алматыда өткен универсиадада үздік волонтер атандым. Әрі мен түскен сур­етті универсиаданың үздік суретіне лайық деп таныды. Осыдан соң мені көп­ші­лік бірте-бірте тани бастады. Ал «100 жаңа есім» жобасынан соң қолдаушылар са­ны тіпті көбейді. Өз-өзіме деген сенім­ді­лігім бір емес, он сатыға бір-ақ өсті. Жалпы, мен қоғамдық қызметке жоспарлаға­ным­нан да ерте кірісемін деп ойламадым. Тә­жі­рибе молайтып, көтерген бастамамды қол­дайтын мүдделес адамдар табылған кез­де, шамамен 30 жасқа тақағанда кірісе­мін деп ойлап жүрген едім. Бірақ амбицияң мен қолдаушыларың болса, игілігі мол іс­тер­ді жүргізу менің де қолымнан келетініне көзім жетті. Қазір артқа көз жүгіртсем, ау­руханада жатқанда алға қойған мін­дет­терімнің түгелін орындаппын. Жарақаттан кейін тек дұрыс қадам жасап келе жатыр екенмін. Менің жасымда мұндай нәтижеге жету ақылға қонбайды. Мен қарапайым от­басында тәрбиелендім. Тұрмысымыз ел қа­тарлы. Бірақ көпшілік мені жоғары тап­тан шыққан маман ретінде қабылдайды. Бұл деңгейге жеткізген өзім. Енді маған осы ме­жені ұстап тұру керек. Қазір маған бүкіл ел қарайды. Тіпті, Президент те ара-тұра жұ­мысымды қадағалап отырады. Сон­дық­тан сенім үдесінен шыға білуім керек.  width=

Әрбіріміздің ішімізде кішкентай бала өмір сүреді

Психологтардың «Әрбіріміздің іші­мізде ересектерден қолдау тап­па­ған кішкентай бала өмір сүреді» дегеніне се­немін. Есейген ер адам болып ересектер ара­сында өмір сүргеніммен, ішімде бәрібір әлі бала кейіпін сақтап жүрмін. Бәріміз де ба­ла болдық. Бала кезде қиялдың көк дө­неніне мініп алып, неше түрліні арман­дай­тын едік қой. Күн батқанша ойнап, жолай кезіккен үлкендерді жыққымыз келіп, күшіміз асып-тасып жүретін еді. Жарақат алып қалсақ, жастығымыздың буымен, түрегеліп жүре беретінбіз. Адам есейген ке­зінде жарақат алып, бұғып қалса, ішіндегі ба­ла кейпі жоғалып, қайта қалпына келе ал­­май, дал болады. Ал мен сол кейіпті сақ­тап қалғаннан түзу жүріп келемін. Шыны ке­рек, мен есеюге қорықтым, бірақ қа­лайын, қаламайын, ерте есеюге мәжбүр бол­­дым. Дегенмен бала кезімдегі ұшқынды, идил­лияны сақтап қалдым. Әңгіме бас­тал­ғалы бері «Менің миссиям бар. Маған үлкен се­нім артылған» деп не үшін қайталап отыр дей­сіз? Спортқа ерте араласқан соң өмірге жас­тайымнан чемпионның көзімен қарай­мын. Бұл – мен үшін ұтымды көзқарас. Спорт­та қарсыластарыңнан, тіпті коман­да­ластарыңнан бір бас жоғары болуды, еш­кімге есе бермеуді үйретеді. Қазір мен мұ­ның пайдасын көріп отырмын.  width=

Телефонға телмірген жастарға жол көрсеткім келеді

Қазіргінің жастары интернетте өмір сү­реді. Ал ол интернетті дұрыс қолданбасаң, санаң кеуіп, есіңнен танасың. Менің жа­сым­дағылар қазір блогерлерді пір тұтады. Бір­ден байығысы келетіндері миллион тең­геге курс сататын кәсіпкерлердің соңы­нан жүгіреді. Ал сол блогерлер мен кәсіп­кер­лердің вебинарына қатыссаң, әркімнің сөресінде тұрған кітаптағыны жатқа айтып береді. Бірақ жастарға өз басынан өткендей ғып айтып, санасын улайды. Сорақысы сол, бло­герлер бұл әрекеті үшін жазаланбайды, жауап­кершіліктен жұрдай. Ақша табуды ғана ойлайтын олар өз қолданушыларына, өс­келең ұрпаққа алаңдамайды. Жұмыс ба­ры­сында мен кездескен жастардың көбі жал­қау, әрі қарапайым заттарды түсін­бей­тінін аңғардым. Олар өмірде болып жатқан шы­найы жайттардан гөрі виртуалдағы бөспе әңгімелерге имандай сенеді. Тағы бір байқағаным, оларға әлеуметтік желіде қо­ғамда өз-өзін жоғалтып алғандардың қате­лік­тері баяндалған видеоларды көрген ұнай­ды. Сонда оларға әлдебіреудің азап ше­гіп, қайғы-қасірет тартқанын бақылау әл­деқайда қызық. Роботтар құрастырып, түр­лі стартаптарды іске қосқан балалар – мен үшін бүгінгінің батырлары. Олар ин­тернеттен, өз санасынан пайдалысын алып, бүкіл ел тамсанатын дүние жасап шығарды. Ал пайдасыз дүниенің соңына түсіп, те­ле­фонға телміріп отыратындар ол шыр­ға­лаң­нан шыға алмай, тұралап қалады. Жас­тар­дың дамуына кедергі келтіретін осы тос­қауыл­дарды жою, виртуалдан да маңызды шы­найы өмір бар екенін айту үшін олармен жиі кездесемін. Әрбіріміз бөлек отау тігіп, жабырқамай, керісінше біртұтас қоғам бо­лып, жарқырауымыз керек екенін ай­тамын. Әлеуметтік желілер америкалықтардың өмі­ріне сан түрлі бояу енгізу үшін керек шы­ғар. Ол жақта өмір сүру оңай емес, ал біз­де жағдай басқаша. Бізде мүмкіндік көп. Біз­де іс-қимыл еркіндігі бар, сөз еркіндігі бар. Өзге елдерде тұрақты жұмысың бол­ма­са, әлеуметтік мәртебең төмен болса, не­сие де бермейді, тұрғын үй де ала ал­май­сың. Мүсәпірсің. Ал бізде көмектің түр-түрі бар. Тұлға ретінде қалыптасуға жол ашық. Өкі­ніштісі сол, бізде мұны ешкім бағала­май­ды. Мен жеке парақшама мәселесін ай­тып жазғандарды елемеймін. Өйт­кені олардың эмоциясын, көзіндегі ұш­қы­нын көрмей тұрып, көмек қолын созғанды дұрыс санамаймын. Ал бірақ алдыма келіп, шырылдап, жанайқайын айтқанның бетін қайтармаймын. Тіпті, жауапты органдар­дың назарына жеткізген кезім көп. Осылай ашық, бетпе-бет әңгімелесу арқылы қоғам­ды өзгерте алатынымызға, болашағымызды айқындай алатынымызға көзім жетті. Өз-өзіңді дамытсаң, көкжиегің кеңейеді. Жаңа нәрсе үйренсең, миың да басқаша жұмыс іс­тейді. Сен өзгерсең, айналаң да саған қа­рап бой түзейді. Уыздай ұйыған бірлігіміз бен ынтымағы жарасқан ортадан айыры­лып қалсақ, тұтас ұлт ретінде жоғалып кету қау­пі бар. Ал бұдан асқан қасірет жоқ еке­нін сіз бен біз жақсы білеміз. Сондықтан ұлт­тық бет-бейнемізді жоғалтпау үшін ара­­­мызда өз ортасын құра алатын моти­ва­тор, көшбасшы көп болғаны абзал. Қазір қоғамда мен құрып жатқан кішкентай орта 40 жылдан соң жемісін береді деп нық айта ала­мын. Бұл қатты естілуі мүмкін, бірақ мен бұған сенемін. Ал түйсігім мені ешқа­шан алдаған емес. Сол үшін қазір бар білге­нім­ді, бар уақытымды соған жұмсап, алып-ұшып жүрмін. Жалғыз мен емес, менімен мүдделес он екі адам да бұл істі соңына дейін жеткізуге жанын береді. Қазір сол он екі­міз өзімізге ғана мәлім үлкен миссияны ат­қарып жүрміз. Күндердің күнінде мұны ел, тіпті әлем жұртшылығы білуі мүмкін.

Жазып алған Әлия ТІЛЕУЖАНҚЫЗЫ