Жаңалықтар

Зілзаладан қаза тапқандар саны 38 мыңнан асты

ашық дереккөзі

Зілзаладан қаза тапқандар саны 38 мыңнан асты

Түркиядағы жойқын жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 38 мыңнан асты. Бұл туралы Түркияның Төтенше жағдайлар жөніндегі үкіметтік басқармасы мәлім етті деп хабарлады turkystan.kz. «Соңғы ақпаратқа сәйкес, Кахраманмараш, Газиантеп, Шанлыурф, Диярбакыр, Адана, Адыяман, Османие, Хатай, Килис, Малатье және Элазигте барлығы 38 044 адам (жер сілкінісінен) қаза тапты. Өңірде алғашқы жер сілкінісінен бері 4,7 мыңнан астам жерасты дүмпуі болды», - делінген ведомство хабарламасында.