261 сағат өткенде үйінді астынан екі адам аман табылды
261 сағат өткенде үйінді астынан екі адам аман табылды
Антакья қаласының Одабашы ауданында жер сілкінісі болған соң 261 сағат өткенде үйінді астынан Мехмет Әли Шакироғлы мен Мұстафа Авчи аман шығарылды деп хабарлады turkystan.kz Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
Құтқару бригадасы дереу 26 жастағы Мехмет Әли Шакироғлы мен 34 жастағы Мұстафа Авчиді шығарып алды. Оларға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, ауруханаға жеткізілді.
Айта кетейік, 6 ақпанда эпицентрі Кахраманмарашта болған, магнитудасы 7 балдан асқан екі жер сілкінісі тіркелді. Артынша жүздеген афтершокқа жалғасқан жерасты дүмпуі елдің 10 провинциясында, сондай-ақ көршілес мемлекеттерде, оның ішінде Сирияда да сезілді.