Көпқабатты үйдің шатырында есірткі өсірген азамат ұсталды

Көпқабатты үйдің шатырында есірткі өсірген азамат ұсталды

Көпқабатты үйдің шатырында есірткі өсірген азамат ұсталды
ашық дереккөзі
Батыс Қазақстан облысының тұрғыны көпқабатты үйдің шатырында жылыжай жасап, қарасора өсірген деп хабарлады turkystan.kz Рolisia.kz-ке сілтеме жасап. «Жылыжайдың иесі көпқабатты үйдің 39 жастағы тұрғыны болып шықты. Тінту кезінде қарасораға ұқсас өсімдік егілген 8 құмыра мен тыңайтқыш тәркіленді. Жасырын бөлменің қабырғалары фольгамен, пластик материалмен қапталған, жылу, жарық және вентиляция тартылған. Тұрғынның айтуынша, Telegram арқылы құрал-жабдықтарды, тұқымдар мен қарасораны өсіру бойынша видео-нұсқаулықты сатып алған. Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды», - делінген полиция хабарламасында.