Шенеуніктер кәсіпкердің өтінішінен негізсіз бас тартқан

Шенеуніктер кәсіпкердің өтінішінен негізсіз бас тартқан

Шенеуніктер кәсіпкердің өтінішінен негізсіз бас тартқан
ашық дереккөзі
Алматы облысында кәсіпкердің жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге негізсіз бас тартқан деп хабарлады turkystan.kz. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет кәсіпкердің жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту бойынша негізсіз бас тартуды анықтады. Кәсіпкерлер палатасы арқылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жергілікті атқарушы органдардың аталған мәселе бойынша бас тартуына қатысты өтініш білдірді. Бұл учаскеде иесі дүкен салуды жоспарлаған. «Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігі учаске республикалық мақсаттағы автожолдың бойындағы белдеудің қоныстану аумағында орналасқандығынан нысаналы мақсатты өзгертуден бас тартқан. «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ және жергілікті атқарушы органдар өкілдерімен өткізілген жұмыс кездесудің барысында мәселе кәсіпкердің пайдасына оң шешілді. Кәсіпкердің құқықтары қорғалды«, - делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.