Жаңалықтар

Ресейде Жириновскийдің ұлы қамауға алынды

ашық дереккөзі

Ресейде Жириновскийдің ұлы қамауға алынды

Мәскеудің Тверской аудандық соты Жириновскийдің ұлы Олег Эйдельштейнді 15 тәулікке қамауға алу туралы үкім шығарды деп хабарлады turkystan.kz РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

«Оған 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу жөнінде жаза тағайындалды», - делінген сот хабарламасында.

Бұған дейін агенттікке құқық қорғау органдары 2022 жылы қайтыс болған ЛДПР жетекшісі Владимир Жириновскийдің ұлы Олег Эйдельштейн Мәскеу орталығындағы мейрамханада болған төбелестен кейін полиция бөлімшесіне түскенін хабарлаған.  Бөлімшеде ол полицейлерді балағаттап, кейін олардың біреуіне қол жұмсаған.

Эйдельштейнге қатысты ұсақ бұзақылық бойынша (РФ Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 20.1-бабының 2-бөлігі) хаттама толтырылды.