Жаңалықтар

Зілзаладан кейін 248 сағат өткенде 17 жастағы қыз құтқарылды

ашық дереккөзі

Зілзаладан кейін 248 сағат өткенде 17 жастағы қыз құтқарылды

Түркияның оңтүстік-шығысындағы Хатай провинциясында жойқын жер сілкінісінен кейін 248-сағат өткенде 17 жастағы қыз құтқарылды деп хабаралады turkystan.kz Анадолы ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Апат аймағында іздеу-құтқару жұмыстары 11-күн жалғасуда.

Алена Олмез есімді 17 жастағы қыз Кахраманмараш қаласының Каябашы кварталындағы тұрғын үй ғимаратының астынан шығарылды. Дәрігерлердің алғашқы көмегінен кейін оны ауруханаға жіберді.

Түркияның оңтүстік-шығысында эпицентрі бар жойқын жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 36,1 мыңнан асты.

Айта кетейік, ел президенті Режеп Тайып Ердоған Түркияда апат құрбандары үшін жеті күндік Жалпыұлттық аза тұту туралы жариялаған болатын. Түркияның мемлекеттік тулары бүкіл ел бойынша төмендетілді.

Түркиядан бөлек, Сирияда, Ливанда, ТРСК, грек Кипрінде және Иракта жойқын жер сілкінісі болды.