Жаңалықтар

Жүзге тарта адам өлтірген әлемдегі ең қорқынышты 6 маньяк

ашық дереккөзі

Жүзге тарта адам өлтірген әлемдегі ең қорқынышты 6 маньяк

Олардың істеген істерінен адам жаны түршігеді. Бойды қорқыныш билейді. Олардың әрекетін ақыл-есі дұрыс адам түсіне алмайды. Психологтардың айтуынша, қанішерлер - психологиялық ауытқуға ұшыраған адамдар. Жастайынан белгілі бір зорлық-зомбылыққа душар болған, қатыгездік көріп өскендер. Біз сіздердің назарларыңызға тарихтағы ең қауіпті маньяктардың тізімін ұсынамыз. Джон Уэйн Гейси [caption id="attachment_213695" align="alignnone" width="1200"] Фото:grunge.com[/caption] Ең алғашқы қылмысын Джеффри Дамер 18 жасында жасаған. Ол өзінің жаңа танысын азаптап өлтірген. Джеффри Дамер жас жігітті алдымен қолындағы гантельмен ұрып, кейін тұншықтырған. Марқұмның денесін бөлшектеп, үйдің астына көмген. Бұл жағдайдан кейін ол қалыпты өміріне түсіп, тіпті, үйленіп, оқу оқып, әскери борышын өтеп, жұмыс істеген. 1987 жылы тағы бір адамды өлтіріп, артынша бұл істі әдетке айналдырып алған. Ашық дерек көздерінде Джеффри Дамер төрт жылда 17 адамды зорлап, өлтірген деген ақпараттар бар. Күндердің бірінде, әдеттегідей, ол үйіне кезекті құрбанын алып келіп, өлтірмекші болады. Бірақ  Трейси Эдвардс есімді азамат сытылып шығып, полиция шақырады. Дамердің үйін тінту барысында мәйіттер, олардың суреттері, сондай-ақ тоңазытқыштан дене бөлшектері, ал шкафтан адам қаңқасы табылды. Джеффри Дамер өмір бойына түрмеге қамалды. Бірақ ол абақтыда тек үш жыл отырды – 1994 жылы сотталушылардың бірі оны ұрып өлтірген. Тед Банди [caption id="attachment_213697" align="alignnone" width="1920"] Фото:filmdaily.co[/caption] «Грин-Риверден шыққан өлтіруші» деген лақап атпен танымал Гэри Риджуэй жиырма жыл ішінде кемі 70 әйелді өлтіріп, әлемдегі ең қатыгез маньяктардың бірі болып есепте тұр. Оның құрбандарының бірі қашып, полицияға хабар бергеннен кейін Гэри Риджуэй қамауға алынды. Риджуэй адамдарды өлтіргенін мойындап, оқиғалардың мән-жайын полицейлерге ашып айтқан. Бастапқыда құрбандардың саны 42 болса (полиция білген), тергелгеннен кейін олардың саны 71 адамға жеткен. 2003 жылы ол өмір бойына сотталды. Андрей Чикатило [caption id="attachment_213699" align="alignnone" width="1200"] Фото:peoples.ru[/caption] Бұл адам ондаған жылдар бойы Гиннестің рекордтар кітабында әлемдегі ең қатыгез маньяк ретінде тіркеліп келеді. Педро Алонсо Лопес Колумбия, Эквадор және Перуде шамамен 300 адамды өлтірген. «Анд құбыжығы» деген лақап атпен танымал Лопесті жеңіл жүрісті анасы бала кезінде далаға қалдырып кеткен. Оны егде жастағы пасық ер адам асырап алады. 18 жасында Лопес «асыраушысын» кек алу мақсатында достарымен бірлесіп зорлап, аса қатыгездікпен өлтірген. Бұл қылмысы үшін Лопес 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Бостандыққа шыққаннан кейін ол Перуге кетіп, сол жердегі тұрғындарды өлтірумен айналысады. Оның құрбандары, негізінен,  жасөспірім қыздар болған. Кей деректерге сүйенсек, 1975 - 1978 жыл аралығында ол кем дегенде жүз адамды өлтірген. Бір қызығы, Латын Америкада орналасқан кедей жерлерде полицияның қауқары шамалы. Деректерде Перудегі криминалды авторитеттердің бірі Лопесті елден шығарған деседі. Қылмыскер өз «хоббиін» Эквадорда жалғастырған. Оның құрығына түскен қыздардың бірі сытылып шығып, полицияға Лопесті ұстап берген. Маньяк еш тартынбастан, полиция қызметкерлеріне жасаған қанды қылмыстарын әдемілеп баяндап берген. Педро Лопес полицейлерге көптеген адамды өлтіргенін дәлелдеу мақсатында, құрбандарының жерленген жерін көрсеткен. Қазу жұмыстары барысында жүздеген әйел мен қыздардың сүйектері табылған. Лопес бар-жоғы 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Себебі Эквадор түрмелерінде бұл ең ұзақ мерзім деп есептеледі. Қауесеттерге сенсек, Лопес мәжбүрлі емдеуден өткеннен кейін, тіпті, бостандыққа шыққан деседі.