СҚО-да 14 жасар қыз зорланды

СҚО-да 14 жасар қыз зорланды

СҚО-да 14 жасар қыз зорланды
ашық дереккөзі
СҚО-да 14 жастағы қызды зорлады деген күдікпен 23 жастағы жігіт ұсталды деп хабарлады turkystan.kz. 15 ақпанда СҚО Мағжан Жұмабаев ауданы ПБ-нің кезекші бөліміне Булаев қаласындағы үйлердің бірінде 14 жасар қыздың зорланғаны туралы хабарлама түскен. Аталған факті ҚР ҚК 120-бабы 1-тармағының 3-1-бөлігі «Зорлау» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді.
«Булаев қаласының 23 жастағы тұрғыны ұсталды. Қазір ол УҰИ-на қамалды. Аталған факті бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Істің мән-жайын зерделеуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Олардың нәтижелері бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданатын болады. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді. Азаматтардан тек тексерілген, расталған ресми ақпаратқа назар аударуды сұраймыз», - делінген хабарламада.