Шылымнан бас тартудың балама жолдары

Шылымнан бас тартудың балама жолдары

Шылымнан бас тартудың балама жолдары
ашық дереккөзі
Жаңа жылда көпшілік өз өмірінде өзгеріс жасауға тырысады. Кейбірі жаман әдеттен құтылып, шылым шегуден бас тартудан бастайды. Бірақ бірден тастау көпшіліктің қолынан келе бермейді. Британдық The Guardian басылымында жарық көрген шолужа Стирлин университетінің денсаулық сақтау саласының профессоры, Ұлыбританияның шылым мен алкогольді зерттеу орталығының директоры Линда Болдтың айтуынша, биыл теріс әдеттен құтылуға тырысқандар электронды шылымға ауысуда. Жақында БиЭмДжей жариялаған Англиядағы зерттеуге сенсек, бұл құрылғы шылым шегуді қоя алмай жүрген 18 мың адамға темекіден құтылуға көмектескен. «Қазіргі таңда вейпинг пен никотинді жақпай-ақ тартудың темекіге қарағанда зиянсыз екенін неше рет дәлелденді», - дейді Линда Болд. – Бірнеше ай бұрын Терапевтер корольдік колледжі осы дәлелдердің басын біріктірді. Олар бірқатар зерттеулерге негізделген салмақты баяндамаларды жариялады. Олардың нәтижесіне сүйенсек, ұзақмерзімді уақытта вейпингтің зияны кәдімгі темекі зиянының 5 пайызындай ғана. Осыдан бастап Терапевтер колледжі мен Ұлыбританияның басқа дәрігерлік ұйымдары, мысалы Король колледжінің Дәрігерлердің жалпы практикасы ассоциациясы электронды шылымды және басқа никотині бар өнімдерді (никотинді алмастыратын терапия, арнайы сағыз, ингалятор) қолдануды іске асыру керектігін айтты, бұл темекіден бас тартуға бекінгендерге көмек болмақ. Электронды шылым мен қыздыратын табак өнімдері зияны төмен өнімдер қатарына жатады, бірақ балалар мен бұрын темекі шекпеген адамдардың пайдалануына жол бермеген абзал. Әрине, бұлар шылымнан мүлде бас тартуда орны бөлек. Менің ойымша, электронды шылым болашақта мыңдаған адамның өмірін сақтап қалады, шылымның балам түрлерін ұсына алады». Қазақстандық мамандар да электронды шылымды зерттеумен айналысуда, десе де елімізде оның ауқымы кең емес. Бұл мәселені алғаш қолға алғандардың бірі «Аман-Саулық» қоғамдық қоры Алматыда электронды шылымның пайдаланылуына байланысты зерттеу жүргізді. Зерттеулерге сенсек, бұрын темекі шеккен адамдар ғана қолданады екен. «Темекі шеккенде жану процесі орын алады, сөйтіп никотин адам ағзасына түседі. Өз бетінше никотиннің зияны көп емес, ал қыздырғанда адам ағзасына қауіпті. Осы факторлардың барлығынан балама түрге көшу арқылы құтылуға болады. Мысалы, снюс сағыз шылымы, электронды шылым, түтінсіз өнімдер. Ғалымдар никотинге тәуелді адам никотиннен емес, смоладан көз жұмады. Сондықтан адамдарды зияны аз балама өнімдерге мүмкіндігінше көшірген абзал», - дейжі «Аман-Саулық» қоғамдық қорының президенті Бақыт Түменова.