Жаңалықтар

Атырауда 8 жасар бала жансақтау бөліміне түсті

ашық дереккөзі

Атырауда 8 жасар бала жансақтау бөліміне түсті

Атырауда ит шабуылының салдарынан сегіз жасар бала жансақтау бөліміне түсті. Оқиға 15 ақпанда сағат 19.00-де болған деп хабарлады turkystan.kz AtyrauPress сайтына сілтеме жасап. "Бас және аяқ терісі жұлынған, травматикалық шок жағдайындағы бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. 2015 жылы туған бала бірден жансақтау бөліміне жатқызылды. Операция жасалды. Жағдайы тұрақты. Куәгерлердің айтуынша, балаға ит шабуыл жасаған. Тиісті органдар тексеруді бастады", - делінген хабарламада.