Екібастұзда су басқан үйден екі адамның денесі табылды
Екібастұзда су басқан үйден екі адамның денесі табылды
Екібастұзда су басқан үйден ер және әйел адамның денесі табылды деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Мәліметтерге қарағанда, 13 ақпан күні Екібастұз қаласының тұрғынынан Б.Жырау көшесі мекенжайы бойынша жылыту радиаторларының зақымдануына байланысты тұрғын үй-жайды су басқаны туралы хабарлама келіп түсті.
Шақыртуды пысықтау барысында жер үйден 1959 жылы туған ер адамның және 1965 жылы туған әйелдің мәйіті табылды. Мәйіттерде зорлық-зомбылық белгілері жоқ.
«Тексеру кезінде қонақ бөлмесінде еденде ашық сымдары бар электр жылытқышы бар екендігі анықталды. Бұл факті Екібастұз қаласының ПБ-да тіркелді», - делінген хабарламада.
14 ақпанда Павлодар облысы бойынша Екібастұз-Баянауыл АА ССИ мәйіттерді сот-медициналық зерттеу қорытындысы бойынша алдын ала "Техникалық электротоғымен зақымдану" диагнозы қойылды.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімі қабылданады.