Жаңалықтар

Із-түзсіз жоғалып кеткен 3 баланың анасы табылды

ашық дереккөзі

Із-түзсіз жоғалып кеткен 3 баланың анасы табылды

2022 жылғы қыркүйекте із-түзсіз жоғалған Маңғыстау облысының тұрғыны Жания Абдуллаева тірі табылды деп хабарлады turkystan.kz Халық үніне сілтеме жасап. 2022 жылғы 29 қыркүйекте 3 баланың анасы Бейнеу ауданы Бейнеу ауылында ауруханаға жұмысқа кетіп, қайтып оралмаған. Жас келіншектің жоғалған күні Бейнеу – Маңғыстау пойызына билет сатып алғаны белгілі болды. Әйелдің туыстары Жанияны іздеу үшін көпшіліктен және құқық қорғау органдарынан көмек сұрады. Алайда көп уақыт іздеу нәтиже бермеді. Еріктілер әйелдің қалай табылғанын айтпаған.