Жаңалықтар

Қазақстандықтар Түркияға көмек ретінде қанша ақша жинады?

ашық дереккөзі

Қазақстандықтар Түркияға көмек ретінде қанша ақша жинады?

Қазақстандықтардың Түркиядағы жойқын зілзаладан зардап шеккендерге 3,6 млн доллардан астам қаражат жинап берді деп хабарлады turkystan.kz түрік елінің Қазақстандағы Елшілігіне сілтеме жасап. «Жер сілкінісінен зардап шеккендерге арналған көмек шотына бүгін Қазақстанда жиналған 216 мың АҚШ доллары AFAD-тың (Түркияның төтенше жағдайлар басқармасы – ред.) ресми шотына аударылды. Осылайша, қайырымдылықтың жалпы көлемі 3 млн 616 мың АҚШ долларын құрады», - делінген Түркия Елшілігінің мәліметінде.