Илон Масктың иті Twitter-дің директоры болды

Илон Масктың иті Twitter-дің директоры болды

Илон Масктың иті Twitter-дің директоры болды
ашық дереккөзі
Twitter-дің иесі Илон Маск компанияның жаңа бас директорын көпшілікке таныстырды. Миллиардер әлеуметтік желінің жаңа бас директоры етіп, Флоки есімді сиба-ину тұқымына жататын итін тағайындады деп хабарлады  turkystan.kz Business Today-ге сілтеме жасап. Маск өз аккаунтында өзіне немесе Twitter-дің бұрынғы бас директоры Параг Агравалға бағыттағандай болып, жаңа директорды бұрынғы басшыға қарағанда қабілеті мол деп санайтынын жазды. Маск Twitter логотипі бар футболка киген, айналасында құжаттар мен ноутбук тұрған, бас директор креслосында отырған Флоки атты итінің суретімен бөлісті. Әлеуметтік желі қолданушылары Маск жазбасына әртүрлі реакция қалдырды. Кейбіреулер мұны күлкілі әзіл ретінде қабылдаса, енді басқалары мұны миллиардердің эксцентризмге толы мінез-құлқының тағы бір көрінісі деп санайды. Бірақ жазба Twitter пайдаланушылардан жүздеген мың лайк жинаған. Илон Маск өз орнына Twitter-дің жаңа бас директорын іздеп жүргені белгілі. Ол тіпті келесі бас директор қызметіне танымал YouTube блогері MrBeast-ті ұсына алатынын айтты. Дегенмен, бұл лауазымда әзірге өзі отыр. Айта кетсек, Илон Маск Twitter платформасын 2022 жылдың қазан айында 44 млрд долларға сатып алды.