Өзбекстандағы студенттер саны 1 миллионнан асты
Өзбекстандағы студенттер саны 1 миллионнан асты
2022-2023 оқу жылының басында Өзбекстандағы студенттердің жалпы саны 1 040 400-ге жеткен деп хабарлады turkystan.kz uza.uz сайтына сілтеме жасап.
Статистика агенттігінің хабарлауынша, Өзбекстандағы жоғары оқу орындарының саны - 191. Онда білім алатын студенттердің 544 800-ы (52 пайыз) ұлдар, 495 600-ы (48 пайыз) қыздар.
2021 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша, ЮНЕСКО Статистика институтының мәліметі бойынша, шетелде оқитын өзбекстандық студенттердің саны 85 900 адамды құраған.