Елордалықтар Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерді еске алды

Елордалықтар Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерді еске алды

Елордалықтар Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерді еске алды
ашық дереккөзі
Биыл  Ауған соғысының аяқталғанына - 34 жыл. Осыған орай, Астанадағы Ауғанстанда қаза тапқан интернационалист жауынгерлерге арналған республикалық мемориал алаңында ардагерлер мен қаза болған жауынгерлердің туыстары, қоғамдық ұйым өкілдері және мектеп оқушыларының қатысуымен еске алу іс-шарасы өтті.  Ауыр аманат арқалап, өмір мен өлім белдескен қанды шайқасқа қатысып, батырлық пен ерен ерліктің үлгісін көрсеткен қаһарман жерлестеріміздің құрметіне аға буын өкілдері сөз сөйлеп, өскелең ұрпаққа ерліктің үлкен өнегесін көрсетті.  width= Атап айтсақ, ҚР-ның Қарулы күштер ардагерлері республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары, отставкадағы генерал-майор Марат Нағыманов, Астана қаласы Қорғаныс істер жөніндегі департамент өкілі, полковник Ғани Артықов және «Ұрыс қимылдар ардагерлері» ұйымдары өкілдерінің атынан Нәбиден Үсенов сөз сөйледі. Астана қаласының «Ауғанстан соғысы мүгедектері мен ардагерлері одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Миранбек Төлекпаев ардагерлерге ризашылығын білдірді. Іс-шараға қатысушылар басқосудан соң соғыс ардагерлеріне арналған республикалық мемориалға гүл шоқтарын қойды.  width=