Жаңалықтар

Елордалықтар Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерді еске алды

ашық дереккөзі

Елордалықтар Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерді еске алды

Биыл  Ауған соғысының аяқталғанына - 34 жыл. Осыған орай, Астанадағы Ауғанстанда қаза тапқан интернационалист жауынгерлерге арналған республикалық мемориал алаңында ардагерлер мен қаза болған жауынгерлердің туыстары, қоғамдық ұйым өкілдері және мектеп оқушыларының қатысуымен еске алу іс-шарасы өтті.  Ауыр аманат арқалап, өмір мен өлім белдескен қанды шайқасқа қатысып, батырлық пен ерен ерліктің үлгісін көрсеткен қаһарман жерлестеріміздің құрметіне аға буын өкілдері сөз сөйлеп, өскелең ұрпаққа ерліктің үлкен өнегесін көрсетті.