Астана мешітінде ер адам 600 доллар ұрлап кеткен

Астана мешітінде ер адам 600 доллар ұрлап кеткен

Астана мешітінде ер адам 600 доллар ұрлап кеткен
ашық дереккөзі
Полицейлер Астана мешітінде ұрлық жасаған ер адамды анықтады деп хабарлады turkystan.kz. Polisia.kz сайтының мәліметінше, Байқоңыр ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері мешіттегі ұрлықты ашты. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында намаз кезінде ақша ұрлаған 31 жастағы ер адам анықталды. Тергеу барысында анықталғандай, күдікті Рахимов көшесінің бойындағы мешітке келген. Терезенің алдында жатқан күртешелерді көрген азамат қалталарын тексеріп, әмиян тапқан. Оның ішінен 600 АҚШ доллары көлеміндегі қолма-қол ақшаны алып шыққан. Әмиянды күртешенің қалтасына қайта салып, кейін мешіттен шығып кеткен. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұсталған азамат кінәсін мойындады. Заттай дәлелдемелер тәркіленді. Оның бұрын елорда аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.