Жаңалықтар

Өрт кезінде есінен танып қалған азаматқа көмек көрсетілді

ашық дереккөзі

Өрт кезінде есінен танып қалған азаматқа көмек көрсетілді

Павлодарда өрт кезінде пәтерден ес-түссіз жатқан ер адам табылды деп хабарлады turkystan.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап. Павлодар облысы ТЖД  баспасөз қызметінің мәліметінше,  «101»  басқару пультіне 15 ақпанда сағат 06.07-де Бектұров көшесі, 351 мекенжайы бойынша бірінші кіреберістен түтін шығып жатқандығы туралы хабарлама түскен. «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкерлері оқиға орнына келгенде бір бөлмелі пәтерде үш шаршы метр алаңда жиһаз жанып жатқанын анықтаған. Барлау барысында дәлізде пәтер иесі – 1973 жылы туған екінші топтағы мүмкіндігі шектеулі адам ес-түссіз күйде табылды», – деді департаментте. Құтқарушылардың нақты және үйлесімді іс-қимылдарының нәтижесінде баспалдақ арқылы екі адам құтқарылды. Олардың біреуі «103» қызметіне  тапсырылды. Пәтер иесі Павлодар қалалық №1 аурухананың күйік шалу бөлімшесіне денесінің 25% бөлігін екінші-үшінші дәрежелі термиялық күйік шалған,  жану заттарымен орташа улану диагнозымен ауруханаға жатқызылды. Тілсіз жауды сөндіруге Павлодар облысы ТЖД  өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі жеке құрамының 19 қызметкері мен 5  техника қатысты. Өрт сағат 06.34 минутта сөндірілді.