Өрт кезінде есінен танып қалған азаматқа көмек көрсетілді

Өрт кезінде есінен танып қалған азаматқа көмек көрсетілді

Өрт кезінде есінен танып қалған азаматқа көмек көрсетілді
ашық дереккөзі
Павлодарда өрт кезінде пәтерден ес-түссіз жатқан ер адам табылды деп хабарлады turkystan.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап. Павлодар облысы ТЖД  баспасөз қызметінің мәліметінше,  «101»  басқару пультіне 15 ақпанда сағат 06.07-де Бектұров көшесі, 351 мекенжайы бойынша бірінші кіреберістен түтін шығып жатқандығы туралы хабарлама түскен.
«Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкерлері оқиға орнына келгенде бір бөлмелі пәтерде үш шаршы метр алаңда жиһаз жанып жатқанын анықтаған. Барлау барысында дәлізде пәтер иесі – 1973 жылы туған екінші топтағы мүмкіндігі шектеулі адам ес-түссіз күйде табылды», – деді департаментте.
Құтқарушылардың нақты және үйлесімді іс-қимылдарының нәтижесінде баспалдақ арқылы екі адам құтқарылды. Олардың біреуі «103» қызметіне  тапсырылды. Пәтер иесі Павлодар қалалық №1 аурухананың күйік шалу бөлімшесіне денесінің 25% бөлігін екінші-үшінші дәрежелі термиялық күйік шалған,  жану заттарымен орташа улану диагнозымен ауруханаға жатқызылды. Тілсіз жауды сөндіруге Павлодар облысы ТЖД  өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі жеке құрамының 19 қызметкері мен 5  техника қатысты. Өрт сағат 06.34 минутта сөндірілді.