Жаңалықтар

ОСК «AMANAT» партиясының кандидаттарын тіркеді

ашық дереккөзі

ОСК «AMANAT» партиясының кандидаттарын тіркеді

ҚР Орталық сайлау комиссиясы партиялық тізім бойынша сайланатын Парламент Мәжілісі сайлауына «AMANAT» партиясының 90 кандидатын тіркеді. Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына «AMANAT» партиясы кандидаттарының партиялық тізімі тіркелді. Партиялық тізімдер бойынша ұсынылған кандидаттардың толық тізімімен осы сілтеме бойынша танысуға болады: https://t.me/AMANATPartiyasy/9852. бірмандатты округтер бойынша: https://t.me/AMANATPartiyasy/9853. Сайлауалды бағдарламаның толық мәтіні үгіт-насихат кезеңінің алғашқы күнінде жарияланып, партияның сайтына орналастырылады. Еске сала кетейік, биыл 7 ақпанда «AMANAT» партиясының кезектен тыс XXV Съезі өтіп, соның қорытындысы бойынша партия барлық деңгейдегі мәслихаттарға - 3821, Мәжіліске 119 кандидат ұсынды. Еліміздің өкілді органдарына ұсынылған «AMANAT» кандидаттары 75%-ға жаңарды.