Жаңалықтар

Мектепке пышақ пен балта әкелген оқушы 2 айға қамауға алынды

ашық дереккөзі

Мектепке пышақ пен балта әкелген оқушы 2 айға қамауға алынды

Петропавлда мектепке пышақ пен балта әкеліп, 3 баланы жарақаттаған 9-сынып оқушысы 2 айға қамауға алынды деп хабарлады turkystan.kz. Солтүстік Қазақстан облыстық соты баспасөз қызметінің мәліметінше, 15 ақпанда Петропавл қаласының мамандандырылған тергеу соты кәмелетке толмаған Д.-ны 2 ай қамауда ұстау жөнінде санкция берді. «ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері жария етілуге жатпайды», - делінген хабарламада. Еске салсақ, 9-сынып оқушысы мектепке суық қару әкеліп, үш баланы жарақаттаған. Жасөспірім психиатриялық есепте тұрған.