Жаңалықтар

Қазақстандық теннисшілер Аргентинадағы жарыстың ширек финалына жолдама алды

ашық дереккөзі

Қазақстандық теннисшілер Аргентинадағы жарыстың ширек финалына жолдама алды

Қазақстандықтар Андрей Голубев пен Александр Недовесов жұптық сында Буэнос-Айрес (Аргентина) ATP 250 турнирінің ширек финалына шықты деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Қазақстандық жұп алғашқы айналымда аустриялықтар Александр Эрлер – Лукас Мидлермен шеберлік байқасты. А.Голубев пен А.Недовесов екі партияда 6:4, 6:4 есебімен басымдылық танытты. Бір сағаттан астам уақытқа созылған матч барысында қазақстандық дуэт 3 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың екеуін пайдалана білді. Аустриялықтар 1 эйспен ғана шектелді. Қазақстандықтардың ширек финалдағы қарсыластары кейін анықталады.