"Алматы-2" вокзалы маңында ақылы автотұрақ ашылды

"Алматы-2" вокзалы маңында ақылы автотұрақ ашылды

"Алматы-2" вокзалы маңында ақылы автотұрақ ашылды
ашық дереккөзі
"Алматы-2" вокзалы маңында ақылы автотұрақ іске қосылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 322 орынға арналған жаңа ақылы автотұрақ Райымбек даңғылынан Тузов көшесіне дейін Абылайхан даңғылының бойымен, ары қарай Тузов көшесінен теміржол вокзалына дейінгі аумақты алып жатыр. Желтоқсан көшесіне дейінгі вокзал маңындағы жер де автотұраққа кірігіп, ол жерге төрт паркомат орнатылған.  "Ол жерде бәрі реттелді. Адамдар ыңғайлы орынға тоқтай берсе болады. Қоғамдық көлік аялдамасында енді тұра алмайды. Біз тұрақтауға болмайтын жерді де сызып көрсеттік. Енді кептеліс болмауын қадағалаймыз. Қоғамдық көлікке арналған бөліктер бар, ол ақылы автотұрақ аумағына кірмейді", - дейді "Алматы арнайы паркинг қызметі" ЖШС баспасөз қызметінің өкілдері. Әлімжанов көшесінде тағы бір ақылы автотұрақ ашылды, Қонаев пен Төлебаев көшелерінің аралығы. Ол жерде мүгедектердің арнайы көліктеріне арналған орындарды қоса алғанда 66 орын бар. Сонымен бірге Алматыда аптасына бір-екі ақылы автотұрақ ашып тұру жоспарланғанын айта кетті баспасөз қызметінің өкілдері. Автотұрақ үшін паркоматпен қатар, SMS хабарлама (Beeline және Activ), "Алматы автотұрақтары" арнайы қосымшасы және Qiwi терминалдары арқылы төлем жасауға болады. Автотұрақ ақысын төлемегендерге ҚР ӘҚБтК-ның 597-бабы бойынша 3 АЕК түрінде айыппұл салынады. Бір жыл ішінде заңбұзушылық қайталанса айыппұл көлемі артады (5 АЕК). Мұның алдында Алматы көшелерінде қағаз ақша қабылдайтын паркоматтар пайда болатыны туралы хабарланған.