Алматыда 12 интернет-казино жабылды

Алматыда 12 интернет-казино жабылды

Алматыда 12 интернет-казино жабылды
ашық дереккөзі
Алматы облысының прокуратурасы интернет-кеңістікке мониторинг жүргізу барысында 12 интернет-казиноны анықтап, олардың қызметін тоқтатты. Бұл туралы қадағалау мекемесінің баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz. Заңға сәйкес республика аумағында электронды және интернет-казино қызметіне тыйым салынғанына қарамастан, онлайн режимдегі сайттар құмар ойындарды ұйымдастырған. «Осыған ұқсас тәсілмен облыс прокуратурасы есірткі құралдарын сатумен, порнографиялық материалдарды заңсыз насихаттаумен, төлем жүйелерінің жалған түбіртегін дайындаумен, суицидті насихаттау және есірткі заттарын жеткізу-тасымалдау жұмысына орналастыру туралы хабарландырумен айналысатын басқа да заңсыз интернет сайттарды бұғаттау мақсатында шара қабылдады»,- деп хабарлады қадағалау мекемесінің баспасөз қызметі. Алматы облысының прокуратурасы «Кибернадзор» ақпарат жүйесінің көмегімен интернет-кеңістікке тұрақты мониторинг жүргізеді.