Астанада шахматтан әлем чемпионаты өтеді

Астанада шахматтан әлем чемпионаты өтеді

Астанада шахматтан әлем чемпионаты өтеді
ашық дереккөзі
Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов бүгін Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) президенті Аркадий Дворкович бастаған ресми делегациямен кездесті. Жиында биыл көктемде Астанада өтетін шахматтан әлем чемпионатын ұйымдастыру және басқа да бірнеше маңызды мәселе талқыланды деп хабарлады turkystan.kz. Сондай-ақ, Қазақстанда FIDE қамқорлығымен өзге де іс-шараларды өткізу талқыланды. Мысалы, әлемнің үздік жасөспірімдерінің қатысуымен өтетін турнир және қазақстандық жас шахматшыларды тарта отырып өткізілетін іс-шаралар. «Бұл біздің кішкентай чемпиондарымыз үшін құнды тәжірибе болар еді. FIDE таңдауы біздің елге кездейсоқ түспегенін атап өткім келеді. Еліміз бүгінгі таңда тура мағынада нағыз шахмат бумын бастан кешіп жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі шахмат қозғалысының дамуын жеке бақылауда ұстап отыр. 2022 жылы елімізде 253 мыңнан астам адам 7 618 секцияда шахматпен жүйелі түрде айналысты. Жаңа оқу жылының басынан 28 мыңға жуық баланы қамтыған 654 мектепте «шахмат» пәні факультатив ретінде енгізілді», - деп жазды министр кездесу жайында Facebook парақшасына. Оның айтуынша, қазақстандық жас шахматшылар да әлемнің үздіктері қатарында - Динара Сәдуақасова, Жансая Әбдімәлік, Бибісара Асаубаева және басқа да спортшылар тарихқа өз есімін жазып үлгерген. Күзде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев FIDE басшысымен кездесіп, еліміздің халықаралық шахмат Федерациясымен ынтымақтастық перспективаларын талқылады. «Біз осы бағытта жұмысты жалғастырамыз» дейді Асхат Оралов.