Медресе оқушылары Қытай кеспесінен уланып қалды

Медресе оқушылары Қытай кеспесінен уланып қалды

Медресе оқушылары Қытай кеспесінен уланып қалды
ашық дереккөзі

Алматы облысында медресенің 4 оқушысы қытай кеспесінен уланып қалды деп хабарлады turkystan.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

 Ұзынағаш қаласындағы «Саурық» қайырымдылық мекемесінде тұратын аз қамтылған отбасыдан шыққан балалар тез дайындалатын кеспені тәрбиеші бергенін айтқан.

Қазір бұл жағдайға қатысты тексеру басталып кетті. Жергілікті тұрғындардың бірі бұл қайырымдылық мекемесінде ұлдарға теріс бағытта діни уағыз айтылатынын айтты.

Төрт бала Жамбыл ауданы ауруханасына кеше таңғы сағат 08:00 шамасында жеткізілген.

«Балалар «кешкі аста өздері берді» деп айтты. Олар басы ауырып, іші өтіп, әлсіз болып, құсқанына шағымданды. Балаларға жедел көмек көрсетіліп, жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылды», – деді Жамбыл ауданы ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Күлзада Арынова.

Мекеме басшысы балалардың сөзін жоққа шығарып отыр.

«Олар өзімен әкеліп, жеген. Ал одан біздің хабарымыз болған жоқ. Таңертең ауырып тұрмыз дегеннен кейін жедел жәрдем шақырттық», – деді «Саурық» қайырымдылық мекемесінің директоры Құсайын Қасымбеков.

Тексеру қорытындысы бойынша «Саурық» мекемесінде уланғаны расталса, басшылығы заң жүзінде жауапқа тартылады.