Жаңалықтар

Зілзаладан кейін 198 сағат өткенде 18 жастағы жігіт құтқарылды

ашық дереккөзі

Зілзаладан кейін 198 сағат өткенде 18 жастағы жігіт құтқарылды

Түркияның Адыяман қаласында зілзаладан кейін арада 198 сағаттан соң үйінді астынан 18 жастағы Мухаммед Джафер Четин құтқарылды деп хабарлады Анадолы агенттігіне сілтеме жасап. Құрамында Түркия қарулы күштерінің әскери қызметкерлері, кеншілер, еріктілер бар құтқару бригадасы Абдул Муса көшесінің бойындағы жеті қабатты тұрғын үйдің үйіндісі астынан жас жігітті тапқан. Сегіз күннен астам уақыт қиранды астында жатқан Четинді бірден ауруханаға әкетті. 1992 жылы 13 наурызда Түркияның Эрзинджан провинциясында жер сілкінісінен кейін 187 сағат өткенде Нурджан Эраслан есімді медбике құтқарылған болатын.