ДСҰ құрамындағы Қазақстан: суырылып шықтық па, сүріндік пе?

Еліміз үшін Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) құрамына кіру оңай болмағаны белгілі. Халықаралық сауда ережелерін реттеп отыратын экономикалық ұйымның өзі 1995 жылы құрылғанын ескерсек, Қазақстан беделі зор ұйымға мүше болуға деген әрекетке 1996 жылы-ақ кірісіп кеткен-ді. Алайда ДСҰ белгілеген шарттар мен талаптарға сай болмадық па, әлде келіссөздер нәтижесі оң шешім бермеді ме, беделді ұйым қатарына 19 жылдан кейін 62-ші мемлекет болып қабылдандық.

Бұрынғы кеңестік елдерден оның қатарында қазір Литва, Латвия, Эстония, Грузия, Армения, Молдова, Қырғызстан, Украина және Ресей бар. Бауырлас республикалардың арасынан алғашқылардың бірі болып 1998 жылы 20 желтоқсанда ДСҰ мүшелігіне Қырғызстан қабылданды. Одан соң 1999 жылы 10 ақпанда Латвия, 1999 жылы 13 қарашада – Эстония, 2000 жылы 14 маусымда – Грузия, 2001 жылы 31 мамырда – Литва, 2001 жылы 26 шілдеде – Молдова, 2003 жылы 5 ақпанда – Армения, 2008 жылы 16 мамырда – Украина Дүниежүзілік сауда ұйымының мүшесі атанды. Көршілес Ресей Федерациясы ДСҰ құрамына 2012 жылы 22 тамыздан бастап енді.

Осылайша, 2015 жылы көптен күткен арманымызға қол жеткізсек те, ұйымдағы экономикалық әлеуеті жоғары 161 мемлекетпен иық тіресуге қал-қадіріміз жете ме? Дүниежүзілік сауда ұйымы – жер жаһандағы сауданың 98 пайызын уысында ұстап отыр. 2015 жылы әлемнің барлық елдерінің тауар айналымының көлемі 37,5 триллион АҚШ долларын құраған. Ал, ұйымға мүше мемлекеттердің жалпы тауар айналымы 36,5 триллион АҚШ долларына жеткен. Ал біз дамыған елдердің нарығына қандай тауар ұсынамыз?

ДСҰ-ға мүшелікке өтіп, талай жылғы келіссөздер нәтижесін берген уақытта Елбасы Н.Назарбаев: «ДСҰ-ға мүше болу – еліміздің жаһандық экономиканың бөлінбес бөлшегі ретінде мойындалуының айғағы. Біз жаһандық нарық шарттарына сай болу үшін үлкен дайындықтан өттік. Отандық өндірушілерге қолдау көрсетіп, бизнес үшін қолайлы жағдайлар жасадық. Бірыңғай кедендік және экономикалық кеңістікте шыңдалдық. Алдымызда әлі де ауқымды жұмыстар күтіп тұр. Бәсеке күшейеді. Оған дайын болуымыз керек. Себебі шетелден келетін тауарларға біз шекарамызды ашамыз. Сол кезде біздің тауар өндіретін кәсіпорындар жұмысының тоқтап қалу қаупі бар. Барлық бизнесмендерге талайдан бері бәсекеге сай болу керек деп айтып келе жатқаным сондықтан» дегені есте. Өйткені ДСҰ-ның талабы бойынша көп тауарға баж салығы төмендейді, кейбіріне тіпті салық салынбайды да. Еуразия экономикалық одағы шеңберінде қолданылып отырған бірыңғай импорттық баждан да төмен болады. Яғни, импорттық тауарлардың құны бұрынғысынан арзандайды.

Ең бастысы, ДСҰ-ға мүше болған сәтте әлемнің екінші экономикасы саналатын көрші Қытайдың жүздеген кәсіпорны бәсекеге төтеп бере алмағаны есте. Жапонияның жылына 2000-ға жуық корпорациясы банкрот болады екен. Демек, ДСҰ нарығында әр ел өзінің орнын таба алуы тиіс. Қалайша? Географиялық һәм климаттық жағдайына қарай тек сол елде ғана өндіруге қолайлы тауар немесе азық-түлік түрлері арқылы. Бұл жағынан еліміз тығырықтан шыға ала ма, жоқ па, тағы уақыт еншісінде.

ДСҰ-ның берер мүмкіндігі көп

ДСҰ артықшылықтарына келсек, 2015 жылдың 1 желтоқсанынан бастап 2016 жылдың 1 желтоқсанына дейін 1397 тауардың мөлшерлемесі төмендетілді. Бұл тізімге: ет, кондитерлік өнімдер, ауыл шаруашылығы тауарлары, көлік және өзгелер кіреді. ДСҰ-ға мүше болу Қазақстанға көптарапты сауда келіссөздеріне қатысу арқылы стратегиялық сауда-экономикалық мүдделерді пайдалануға қосымша мүмкіндіктер беріп, ДСҰ-ның өзге мүшелеріне осы елдердің ішкі көлік тарифтері бойынша тауарларды экспорттау шарасын ұсынды. Және де бірлескен кәсіпорындар құру, зияткерлік меншік нысандарын алмастыру, экономиканың түрлі салаларына жаңа технологиялар мен инвестициялар тарту үшін зор мүмкіндіктер ашады. Сондай-ақ, шетелден келген инвесторларға біліктілігі жоғары мамандарын шектеусіз алып келеді. Бірақ шетелдік компаниялар қазақстандық тұрғындарды жұмыспен қамтуға міндеттеледі. Мысалы, бұл компаниялардағы қызметкерлердің 50 пайызы еліміздің тұрғындары болуы керек. Әр компания қазақстандық мамандарды өсіруге, дайындауға міндеттелуі тиіс. Сонымен қатар, телекоммуникация, қаржы секторындағы шетелдік компанияларға қойылатын шектеулер мен екі жарым жылдан кейін 49 пайыздық шетелдік инвесторлардың капиталына қолданылатын шектеулер алып тасталады. Сондай-ақ, қаржы саласында шетелдік банктер мен сақтандыру қызметін көрсететін компаниялар үшін тікелей филиал ашуға рұқсат берілмейді. ДСҰ-ға өткен бес жылдан кейін ғана шетелдік банктер мен сақтандыру компаниялары филиалдарын аша алады. Және де Еуразиялық Одақ пен Еуропа Одағы елдері арасында визалық режим жеңілдетіледі.

Халықаралық беделі зор ұйым біріншіден, сауда дауларын конструктивті шешуге септігін тигізеді. Екіншіден, ойын ережелерінің анықтығы. Үшіншіден, бағаларды қысқарту. Сауда саясатын ырықтандыру және протекционистік кедергілерді қысқарту нәтижесінде тауарлардың еркін саудасы тауарларды импорттауды елеулі көбейтеді. Бұл жердегі ең бастысы импортталған тауарлар бағасының төмен болуы ішкі рыноктағы тауарлар бағасының да төмендеуіне ықпал етеді. Міне, еркін сауданың халықаралық деңгейде осылайша күшеюі бүкіл әлем бойынша тұтынушылардың шығындарын қысқартуға мүмкіндік береді. Төртіншіден, жаңа технологиялардың келуі. Ішкі рыноктағы тауар өндіруші импорттық бағасы арзан, сапасы жоғары тауарлармен күресіп, оларды ығыстыру үшін өз өндірісін жаңартуға, оларды неғұрлым жаңа технологиялармен жабдықтауға, мамандардың біліктілігін көтеруге мәжбүр болады. Бесіншіден, экономиканы ынталандыру. Импорттың көлемін көбейту тек қана жаңа технологиялардың келуін қамтамасыз етеді және тауарлар мен қызметтерді таңдауға мүмкіндік береді. Алтыншыдан, өнеркәсіптік кооперацияны дамыту: ДСҰ шеңберінде біріккен кәсіпорындарды құру, біріккен зерттеулерді өткізу, зияткерлік меншіктің объектілерін басқа мемлекеттермен алмастыру мүмкіндігі аса пайдалы болады. Жетіншіден, іскерлік белсенділікті жоғарылату. ДСҰ шеңберінде қосымша инвестицияларды тарту мүмкіндігі пайда болады. Бұдан басқа, батыстың қаржы корпорацияларының келуі арзан және ұзақ несиелерді алу көздерін ашады.

Отандық банктердің әуселесі қандай?

Қазір еліміздің тұрғындары банк жүйесіне сенуден қалды. Оған себеп те жоқ емес. Соңғы жылдары кейбір банк басшыларының жұрттың ақшасын құрдымға жіберіп, ақыр соңында жабылып тынуы біраз жайттан хабар берсе керек. Соның ішінде 2003 жылы «Наурыз банк Қазақстан» мен 2007 жылы елді ұлардай шулатқан «Валют-Транзит Банктің» төңірегінде болған дауды ешкім ұмыта қойған жоқ. Бұдан кейін де бірнеше банктің қайта құрылымдалғаны тағы бар. Бір жылдары халыққа несиені оңды-солды таратып, соңында банкротқа ұшыраған «Алянс банк» те бүгінде басқа атаумен белгілі. Белгілі экономист-маман Тоқтар Есіркеповтің айтуынша, «БТА банкті» құтқару үшін Ұлттық қордан 14 млрд доллар жұмсалған, ал мемлекет Qazкоm банкіне 4,5 млрд доллар қажет дейді. Алайда әрқайсысының өз акционерлері бар. Оларды неге халықтың есебінен құтқаруымыз керек? Қожайындары қайда? Неге біз қалтамыздан төлеуіміз керек? Міне, осы тұрғыда шетелдік банктердің пайдасы бар. Олар нарыққа келсе, бәсеке де күшейеді» дегенді айтады маман.

Жалпы, еліміздің бағалы қағаздар нарығында бас-аяғы 40-қа жуық банк әрекет етсе, оның көпшілігі екінші деңгейлі банктер тізімінде. Ал олардың көретін бар пайдасы – халыққа берген несиені қосымша үстемелік пайызбен қайтарып алу. Несие алып, қарыз шырмауына түскен қарапайым халыққа өктем банктер ертеңгі күні шетелдік банктермен бәсекелесе ала ма? Экономика ғылымдарының докторы, профессор Тоқтар Есіркеповтің пікірінше, қазірдің өзінде елімізде шетелдік банктердің өз өкілдіктері бар. «Енді филиалын да аша бастайды. Оларға қазақстандық банктер не тәйірі? Былайша айтқанда, ойыншық қой. Кейбір елдердің қаржы нарығына кірген 90 пайыз шетелдік банктер ұлттық банктерді ысырып тастаған. Мұның екінші жағы бар. Әрине, қауіптен қорқып, өз банктерімізді бәсекелестік алаңына жібермей отырмаймыз ғой. Біз әлемдік банктермен біртіндеп бәсекеге түсуіміз керек».

Әлбетте, Қазақстан ДСҰ-ға мүше мемлекет ретінде бәріне есігін айқара аша бастайды. Шетелден тауар ағылып жатқанда, алпауыт елдердің банктері де нарыққа енетіні сөзсіз. Ал сол кезде тек несие берумен күн көріп жатқан екінші деңгейлі банктер не істемек? Жақында ғана Qazkom жапондық JCB төлем карталарына қызмет көрсетуді бастап кетті. Сол сияқты Qazkom Халық банкімен алдын ала келіссөз жүргізіп жатқанын мәлімдеп, қалған ақпараттың сәйкес мерзімде хабарланатынын жеткізді. Ол ол ма, кореялық Kookmin Bank қазақстандық Центркредит банкіндегі өз үлесін сатуға ниетті екен. Kookmin Bank (Кукмин банк) – активтер көлемі мен нарықтық капиталдандыру бойынша Оңтүстік Кореяның ірі банктерінің бірі. Центркредит банкінің 41,9 пайыздық үлесін кореялық банк 2008 жылы 939,2 млрд вонға сатып алған. Бүкіләлемдік банк тобына кіретін IFC халықаралық қаржы корпорациясы бірлескен инвестор ретінде мәмілеге қатысты. Корпорация БЦК-ның 10 пайыздық үлесіне ие. Ал мешін жылының соңында Ұлттық банк депозит қабылдау және жеке тұлғаларға банк шотын ашу бойынша «Қазинвестбанктің» лицензиясын тоқтатты. ҚР Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышевтің айтуынша, тәуекелдерді басқару жүйесіндегі жұмыстарда анықталған өрескел қателіктер мен заңсыздықтар банкке қатысты қарсы осындай шаралар қолдануға тура келген. Заңды тұлғалар үшін кредит беру кезінде кепілзатқа және борышкердің төлем қабылетіне мән бермеген. Осының салдарынан «Қазинвестбанк» үлестірілген қаражаттың едәуір бөлігін қайтара алмаған. Осылайша, 8 мыңнан астам салымшы қаржысын сеніп тапсырған «Қазинвестбанк» салымшыларға 20 млрд теңге берешек. Банк 50-ден астам төлем түрін орындауды кейінге қалдырып, 230 млн теңгеге жуық төлемді өтей алмаған. Ал «Қазинвестбанкті» жою туралы соттан соң, 14 күн өткенде тұтынушылар арыз жазуға құқылы.

Қазақстан депозиттерге кепілдік беру қоры төрағасының орынбасары Куанышбек Әбжанов: «Қазіргі таңда біздің қорда банктер банкротқа ұшыраған жағдайда салымшылар үшін қарастырылған қаражат көлемі 500 млрд теңгеге жуықтайды. Сондықтан аталған банктің салымшылары қаражатсыз қалмайды. Кепілдендірілген төлем заң аясында барлық салымшыға беріледі. 1993 жылы «Қазинтербанк» деген атаумен тіркеліп, Орталық Азиядағы алғашқы инвестициялық банк ретінде жұмысын бастаған «Қазинвестбанк» болатын, екі жылдан соң Қазақстан Үкіметі бұл шетелдік банкті сатып алып, кейін жекешелендірілген. Ал 2008 жылы банктің жаңа қожайындары оның қаржылық қызмет көрсету түрлерін ұлғайтып, жаңа деңгейге көтерген. Былтыр жыл басында банк 326 млрд теңге актив қорымен екінші деңгейлі банктер арасында 20-шы орынға тұрақтаған. Ал желтоқсан айында оның активтері бірден 118 млрд теңгеге құлдырап, Ұлттық Банктен көмек сұрауға мәжбүр болыпты.

Кәсіпкерлердің тынысы ашыла ма, әлде?..

Жалпы, Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшеліктен Қазақстан нарығының ұтары не, ұтылар тұсы қайсы? Осы мәселеге келгенде экономикалық сарапшылардың пікірі екіге жарылды. Сарапшылардың біразы Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелік бізге кері әсер етеді, біздің нарық бұл бәсекелестікке төтеп бере алмайды, онсыз да тұралап тұрған ауылшаруашылығы шетелден ағылатын арзан өнімнен бас көтере алмайды десе, екінші бөлігі – бұл ұйымға мүшелікке өту арқылы біздің сауда кеңістігіміз біршама артады, шетелден әкелінетін автокөліктердің баж салығы төмендейді, шетелдің сапалы бұйымдарына қол жеткіземіз дегенді айтады.

Ал Парламент Мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильянов Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына кірсе де шешуін таппаған мәселелер әлі көп деп есептейді. «Әсіресе, ауыл шаруашылығы бұл салаға дайын емес. Біздің ауыл шаруашылық өнімдеріміз әлі бәсекеге қабілетті өнімдер емес. Сондықтан да бірінші кезекте біз ауыл шаруашылығымызға қолдау көрсетіп, шикізат өнімдерін өңдейтін, бәсекеге қабілетті тауар шығаратын кәсіпорындарды құрып, сол арқылы әлеуетімізді жақсартуымыз керек. Өзімізден шығарылатын тауарлардың сапасын және өнімдердің талапқа сай, бәсекеге қабілеттілігі деңгейін қарастырғанымыз алғанымыз дұрыс. Өйткені көптеген кәсіпорындарымыз, өнім өңдейтін фирмаларымыз банкрот болып қалуы мүмкін», – дейді Парламент мүшесі.

«Жанай», Темірлан, «Айтұмар» шаруа қожалықтарының басшысы Сайын Құрмашевты әңгімеге тартып, бүгінгі кәсіп иелерінің пікірін білгенімізде: «ДСҰ-ға кіргенннен түк те қорықпау керек. Әркім өз жұмысын білсе болғаны. Мысалы, ет мәселесінде Қазақстанның мүмкіндігі өте көп. Кең байтақ жайылымының бәрі тегін жатыр. Жерді сатып алғандар мал ұстамайды. Мұндайлардан жерді қайтарып алу керек. Ең бастысы, сапалы еттің көбі импортқа кетуде. Мысалы, ирандықтар біз өндіріп жатқан етті шетелге әкетіп жатыр. Ал біздің азаматтар өндірген дүниесін сыртқа шығара алмауда. Біздің етті кім алады? Ол белгілі бір адамдардың қолына түсе ме? Жанымыздағы Қытайдан да ет алып жатқанға ұқсаймыз. Бізге Бразилиядан, Аргентинадан, Америкадан да ет келеді. Мұны көлеңкелі бизнеспен айналысып жүргендер әкеліп, қымбат бағамен сатуда. Отандық ет өз бағасын, өз орнын таба алмауда. Бұл мәселені үкіметтік деңгейде реттеу керек» дегенді айтады.

Шаруа қожалық иесі ДСҰ-ға кірудің зиянынан пайдасы көп екенін жасырмайды: «Нарықты жаулап алғандар ештеңе өндірмей, ауылшаруашылық өкілдерінің тауарына өз бағасын қосып, сатып, пайда көруде. Қалай алып қарасақ та, еліміздің өндіргіш күштері әлсіз. Жеңіл өнеркәсіп енді ғана аяқтан тұра бастады. Алдағы уақытта ауыл шаруашылығы да ілгері жылжитын шығар. Шынында да, қазір ауыл шаруашылығына жасалып жатқан көмек бар. Біз жұмыс істесек, үкімет те көмегін береді».

Кәсіпкерлердің де алаңдайтын жөні бар. Себебі бізде бәсекеге қабілетті кәсіпорындар өте аз. Қазірдің өзінде Қазақстанның нарығын толыққанды жаулаған өнім жоқтың қасы. Ал сауда ұйымына кірген Қазақстанның дүниежүзілік танымал фирмалармен бәсекеге түсуі қиындай түспекші. Таяқтың екі ұшы барын ескерсек, бізде нақты іске келгенде күлбілтеге салынатынымыз қарын аштырады.

 Сағындық Сатыбалдин, экономика ғылымдарының докторы, профессор:

– Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру керек деген бастаманы алғаш көтергендірдің бірі болатынмын. ДСҰ-ға мүше болуға 19 жыл дайындалдық. Бірінші мәселе – бәсекеге қабілетті тауар өндіру. Қазір, Құдайға шүкір тауарымыз бар. Трактор, жеңіл көліктер құрастырып жатырмыз. Аз болса да, бар. Бұрын шикізат сатсақ, қазір өнеркәсіп өнімдерін сатудамыз. Азық-түлікпен Қытайды, Иранды, Ауғанстанды қамтамасыз етіп отырмыз. Келешекте мүмкіндік мол. «Қарашығанақтың» мұнай өнімі әлемдегі мұнай өндіретін кәсіпорындардан кем емес. Сыртқы нарықта Қазақстан мұнайының үлесі басым. Шетел бізден, біз олардан тауар аламыз. Ал біздің өнімдердің сапа жағына күмән келтіруге болмайды. ДСҰ-ға кіргеннен кейінгі Қазақстан не істеуі керек?

Біріншіден, өнім өндіретін зауыт-фабрикаларды қолға алу. Екіншіден, ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығы саласын өркендетпей, ел еңсесінің тіктеуі қиын. Үшінші, мұнай-газ саласы. Осылардың нәтижесінде қазақ елінің әлеуметтік жағдайын жоғарылатуға тиіспіз.

Тоқтар Есіркепов, экономика ғылымдарының докторы:

– Қазақстан ДСҰ-ға ерте кірді деп айтуға болмайды. Еліміз1996 жылы мүшелікке өтуге арыз берді. 20 жыл дайындалдық. Бұл аз уақыт емес. Мына көрші Қырғызстанның өзі ұйымға 1998 жылы мүше болды. ДСҰ ұсынып отырған мүмкіндіктер арқылы неге басқа елдермен қарым-қатынас жасамасқа? Кеден одағына 2008 жылдан бері мүшеміз. ДСҰ мен Кеден одағының мақсаты ұқсас. Біз Кеңес одағы кезінде шикізатты экономика болдық. 26 пайыз өнімді өзіміз өндірсек, қалған 74 пайыз тауарды сырттан тасыдық. Біз тауарларды алдымен Кедендік одақ елдеріне береміз. Шетелден тауар тасымалдауда немесе экспорттауда баж салығы бар. Бұл салық ДСҰ-ға мүше мемлекеттер арасында да бекітіледі. Бірақ оның қайсысы біздің экономикамызға тиімді?

Қазақстан мемлекеті ДСҰ-ға кірерде ауылшаруашылығын қолдау үшін 8,5 пайызға дейін қаржы жұмсауға мүмкіндік алды. Лажы болса, ауылды қолдау керек. Ертең әр түрлі жағдай орын алса, бұдан да көп қаржы керек болады.

Ілияс Исаев, экономист:

– ДСҰ Қазақстан үшін оң әсерін тигізуі мүмкін. Біріншіден, біз шетелден инвестиция көзін күтіп отырмыз. Себебі шетелден келген инвесторлар өнім шығарса, елімізде зауыт-фабрикалар салса, өзінің өнімдерін қиналмай сататын нарықтың аясы кеңейе түсер еді. Екінші, біз Қытайдан арзан тауар алып отырмыз. Бірақ оның сапасы төмен. Ал Еуропадан арзан тауар келуі мүмкін, бірақ сапасы жоғары. Үшінші мәселе – Қазақстанға дамыған Еуропа мемлекеттерінің ғылыми жетістігі, технологиясы, техникасы керек. Себебі ғылым, технологиясыз экономиканы көтеріп және қайта өңдеу саласын дамыта алмаймыз.

Ал нарық саласына келсек, Еуропаның банктері мен Қазақстанның банктерін салыстыруға болмайды. Қазақстан банктерінің капиталы өте аз. Ең үлкен меншікті капиталы – 100-300 миллиард теңге. Оны еуроға айналдырсаңыз түк болмай қалады. Ең капиталы жоғары Qazkom, Халық банкі, Центр­кредит банк, сондай-ақ Ресейдің еншілес банктерінің капиталы өте аз. Бұл Еуропаның банктері оларды жұтып қоюы мүмкін. Қазір банктердің капиталын біріктіру мәселесі көтеріліп жатыр. Яғни, Еуропаның алпауыт банктеріне қарсы тұру үшін банктердің капиталын біріктіру керек. Біраз уақыт бұрын Тұрғынүйқұрылысжинақбанкінің капиталының бір бөлігін немістің бір ипотекалық банкі сатып алады деген әңгіменің шеті шықты. Екінші, пайыздық мөлшерін жоғары қойып, халықты тонап отырған ұсақ банктер күйрейді. Себебі Еуропада ең жоғары пайыздық мөлшер 5,5 пайыз айналасында ғана. Ал біздің коммерциялық банктер 15 пайыздық жоғары мөлшермен береді де, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытпайды. Сондықтан Еуропа банктерінің капиталы біздің банк саласына келсе, пайыздық мөлшер төмендеуі мүмкін. Бұл кәсіпкерліктің дамуына, жалпы халыққа қолайлы болар еді. Бүгінде пайыздық мөлшерді субсидиялау үшін «Даму» қоры құрылғаны белгілі. 14-15 пайыздың жартысын «Даму» қоры өтейді де, банктер клиенттерге 10 пайызбен береді. Мұның өзі экономикаға үлкен салмақ. Сондықтан банк секторында үлкен өзгерістер болуы мүмкін. Өйткені біздің коммерциялық банктер өндіріске, шағын және орта бизнеске үлкен пайыздық мөлшер ұсынып, қол-аяғын байлап отыр.

Банк секторында менеджменттің сапасына үлкен талап қойылады. Қазір бұл жағы бізде төмен. Қылмыстар көп. Біреуге несие беріп, жартысын өзіне алу деген деректер көп. Банк секторындағы менеджменттің сапасына талап күшейеді. Осы тұрғыдан ДСҰ-ға кіру Қазақстан экономикасына оң өзгерістер әкеледі деп ойлаймын. Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі, Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық дәлізінің іске қосылуы Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттырып, экономикасын күшейтеді.

 

 

Редакция таңдауы

Мемлекет басшысы көрсеткен 7 басымдық

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясында Мәжілістің қызметке кірісуі еліміз үшін символдық мәні бар екі оқиғамен тұспа-тұс келіп отырғанын айтты. Оның...

Қаржы пирамидасынан қашанғы опық жейміз?

2020 жылы елімізде қаржы пирамидаларының саны күрт өсіп, қа­тарына адам қосу арқылы жүретін «бизнестен» келген залал он есе артқан.  Елімізде ең алғашқы қаржы пирамидасы...

Дәурен ҚУАТ: Жер сатылмайды, бірақ оны тиімді пайдаланудың тетігін жасау керек

Дәурен ҚУАТ, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, Жер комиссиясының мүшесі – Дәурен мырза, Жер комис­сия­сы­ның мүшесі екеніңізді білеміз. Осы комиссия құрамына өзіңізді ша­қырғанда ойыңызға не келді? –...

Мінсіздік теориясы немесе жақсылардан жаттық іздеу надандығы хақында

Неге екенін кім білсін, қазақ жылқы се­кілді «тістеп сүйеді» деген сөздің жаны бар. Бұл ретте де «Қазақтың өлісінің жаманы жоқ, тірісінің өсектен аманы жоқ»...
anshy

«Онда тұрған ештеңе жоқ». Африкада аң аулап жүрген қазақ өз әрекетін түсіндірді (видео)

Африкада мылтықпен аң аулап жүрген қазақстандықтардың видеосы әлеуметтік желіде кеңінен тарап, қызу...
tabyldy

Шығыс Қазақстанда жоғалған 5 жасар бала табылды

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері жоғалған 5 жасар баланы тауып, ата-анасына қайтарды. ШҚО Полиция...
kuat hamitov

Қуат Хамитов келесі жекпе-жегі туралы ресми мәлімдеме жасады

Қазақстандық файтер Қуат Хамитов (20-7-1) келесі жекпе-жегіне дайындықтың басталғанын хабарлады, деп жазады...

Жаңалықтар

«Онда тұрған ештеңе жоқ». Африкада аң аулап жүрген қазақ өз әрекетін түсіндірді (видео)

Африкада мылтықпен аң аулап жүрген қазақстандықтардың видеосы әлеуметтік желіде кеңінен тарап, қызу талқыланған болатын. Батыр Сейкенов есімді қазақстандық азамат өз әрекетін түсіндіріп, видеоүндеу жасады....

Шығыс Қазақстанда жоғалған 5 жасар бала табылды

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері жоғалған 5 жасар баланы тауып, ата-анасына қайтарды. ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 16 сәуір күні сағат 16:30 шамасында Глубокое...

Қуат Хамитов келесі жекпе-жегі туралы ресми мәлімдеме жасады

Қазақстандық файтер Қуат Хамитов (20-7-1) келесі жекпе-жегіне дайындықтың басталғанын хабарлады, деп жазады Prosports.kz. «Ресми! Біз келесі кездесуге дайындықты бастадық! Күні мен орнын жақын арада хабарлаймыз...

Ресейлік сериал кейіпкері: «Қазақтар бізге тас атты ма десек, ас атыпты ғой»

Әлеуметтік желіде ресейлік сериалдан үзінді таралып, қызу талқылануда. Онда сериал кейіпкері, орыс әйел жанындағы құрбысына Алжир лагері жайлы әңгімелейді. «Сен Алжир жайлы естіп пе едің? Ол...

Алматы облысында табытқа әйелдің фотосын салып кеткен күдікті табылды (видео)

Алматы облысында әйелдің фотосы салынған шағын табыт табылды. Әлеуметтік желіде таралып, қызу талқыланып жатқан жағдайды қазір облыстық полиция департаменті тергеу үстінде. Табыт ішіндегі фотода бейнеленген...

Жамбыл облысында жоғалған әйелді іздеген құтқарушының өзі табылмай жатыр

Жамбыл облысында екі айдан бері із-түссіз жоғалып кеткен Гүлдана Санақбайды Тасөткел су қоймасынан іздеп жатқан сүңгуірдің өзі он төрт күннен бері табылмай жатыр. Бұл...

Елорда тұрғыны «BMW X5» автокөлігімен 4 жасар баланы қағып, мерт қылды

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны «BMW X5» көлігімен 4 жасар сәбиді қағып, мерт қылды, деп хабарлайды қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі. «16 сәуір күні сағат 19.21-де 102...

«Тапсырыспен адам өлтіру» деген жазуы бар көліктің иесі халықтан кешірім сұрады (видео)

Нұр-Сұлтан қаласында көлігінде «Тапсырыспен адам өлтіру» деген жазуы бар ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Көлік бүгін...

Целиноград ауданында су тарифі төмендетілді

ҚР "Табиғи монополиялар туралы" Заңына сәйкес "Целиноград Су Арнасы" ШЖҚ МКК-ы Жаңа жол, Приречный, Шұбар, Жайнақ, Қызылсуат (Қызылсуат 1 және Қызылсуат 2), Қаратомар, Талапкер...

Африкада аң аулап жүрген қазақтардың видеосы елдің ашуына тиді (видео)

Әлеуметтік желіде "Қазақтар Африкада да аң аулап жүр" деген тақырыпта видео тарады. Видеода екі қазақ азамат және басқа да шетелдік аңшылар жираф атып алғаны...

Әлемдік паспорт индексі бойынша Қазақстан қай деңгейде?

«The Henley Passport Index» әлемдік мемлекет азаматтарының төлқұжат рейтингін жариялады. Онда Қазақстан 69 орында тұр. Азаматтардың жүріп-тұру еркіндігіне негізделген елдер классификатор болып табылатын атаулы компания...

Африкада аштық пен ауру қаупі төніп тұр

Африкада 100 миллионнан астам адам азыққа зәру. Бұл туралы Түркияның ТРТ арнасы мәлімдеді. Мәліметке сәйкес, Африкада 100 миллионнан астам адам «апат деңгейінде» азық тапшылығына ұшырап...

Балқаш қаласы маңында ұшақ құлады

Балқаш қаласының авиациялық оқу орталығында СУ-30 СМ көпфункционалды жойғыш ұшағы апатқа ұшырады. Бұл жөнінде Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Хабарламада 2021 жылғы 16 сәуірде сағат...

Елордада 600 мың тұрғын вакцина алса, вирусты жұқтыру қаупі болмайды

Қазір бізде 49 мың адам бірінші компонентпен вакцинацияланды. Осылайша 50 мың адам 1 мамырға дейін иммундалған болады, – деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми...

Шымкенте дәрігерлер кеңірдегіне түйреуіш тұрып қалған сәбиді аман алып қалды

Шымкент қаласында дәрігерлер кеңірдегіне түйреуіш тұрып қалған үш айлық сәбидің жанын сақтап қалды,-деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Тыныс алу жолдарына әлдене тұрып қалған сәби ауруханаға жеткізілген. Сәбиді...

Партия бағдарламасының сапалы орындалуын жастар да бақылай алады

Павлодарда «Nur Otan» партиясының Сайлауалды бағдарламасының 12 бағыты бойынша қоғамдық кеңестердің төрағалары мен құрамы бекітілді. 16 сәуірде өткен «Nur Otan» партиясы Павлодар облыстық филиалы Саяси...

Елімізден екі айдың ішінде 3,4 мың адам біржола көшіп кеткен

2021 жылғы қаңтар-ақпанның қорытындысы бойынша елімізге 1398 адам келіп, 3422 адам біржола көшіп кеткен. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы көші-қон қызметі органдарына сілтеме жасап...

Мархабат Байғұт: Елге қызмет етсем дейтін азаматтар қатарға қосылды

– Өте-мөте өркениетті, аса алпауыт саналатын Америка Құрама Штаттарында баяғы замандарда саяси партиялар бірталай болған көрінеді. Осы жағдайды онша жақтырмаған жалғыз жазушы Марк Твен:...

Қоғамдық кеңестер бюджет қаражатының тиімді және ашық жұмсалуын қадағаламақ

«Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Ғали Есқалиевтің төрағалығымен облыстық партия филиалының Саяси кеңесінің Бюро отырысы өтті. Отырыс барысында «Nur Otan»...

«Nur Otan» партиясы жанындағы Жас депутаттар корпусын Елнұр Бейсенбаев басқарады

«Nur Otan» партиясында Мәжілістің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың 600 жас депутатынан тұратын Корпус құрылды. Нұротандық жас депутаттар жастарды қолдау және заң шығару процесінде олардың...

Елімізде екі әуежай уақытша жабылады

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі әуежайларды дамыту және жаңғырту мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. Кеңесте Шымкент, Орал, Өскемен, Үржар және Үшарал қалаларындағы...

Оңдасын Оразалин: Қоғамдық кеңесте жастарға басымдық берілуі тиіс

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен өткен «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының Саяси кеңесі Бюросының отырысында Өңірлік қоғамдық кеңестердің төрағалары мен құрамы бекітілді. Отырыс барысында...

Ұстаз бақыты – шыңдаған шәкірті

Адам баласының жүрегінде қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, соның бірі – ұстаз. «Ұстаз» ұғымы ұлтымыз үшін қашан да қасиетті, қадірлі болған. «Ұстаздан тәрбие...

Алматыдағы көпқабатты үйдің тұрғындары Қайрат Нұртастың үстінен шағым түсірді

Әнші Қайрат Нұртастың басы тағы дауға қалды. Бұл жолы әнші Алматыдағы тұрғын үй кешенінің паркингінде бөтен орындарды иеленген, - деп хабарлайды zakon.kz. Zakon.kz сайтының редакциясына...

86 жастағы Қарағанды тұрғыны коронавирусқа қарсы вакцина алды

Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы Ботақара кентінің тұрғыны Қанат Жұмашұлы өз өңірінде алғашқылардың бірі болып коронавирусқа қарсы екпе алған. Ақсақал өзін және жақындарын індеттен...

Қарағандыда қоғамдық кеңестердің құрамы бекітілді

"Nur Otan" партиясының Қарағанды облыстық филиалы Саяси кеңесі Бюросының отырысында сайлауалды бағдарламаның іске асырылуын бақылауды қамтамасыз ететін өңірлік қоғамдық кеңестердің төрағалары мен құрамы бекітілді. Онлайн-режимде...

Мешіт терезесін сындырып, садақа жәшігінен ақша ұрлаған күдікті ұсталды

Жамбыл облысында мешіттегі садақа жәшігінен ақша ұрлаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Т.Рысқұлов аудандық полиция бөліміне Көкдөнен ауылының мешіт имамы xабарласып, түнгі уақытта...

80 жастағы зейнеткерді полицейлер екі рет ажалдан арашалап қалды (видео)

Түркістан қаласының 80 жастағы тұрғыны учаскелік полиция инспекторларына екі рет құтқарылған өмірі үшін алғыс білдірді. Бұл туралы Polisia.kz бағдарламасының кезекті шығарылымында айтылды. Райхан Құрбанбаева Түркістанда тұрады....

Жантүршігерлік қылмыстың құрбаны Аяжан Еділова Талдықорғанда жерленді

Алматыда болған жантүршігерлік қылмыстың құрбаны Аяжан Еділованы Талдықорған қаласында жерледі. Қазақпарат агенттігінің хабарлауынша, бұл ақпаратты марқұмның бауыры Алмат Мүліков растады. «Бүгін, 16 сәуірде Талдықорғанда жерленді», -...

Даниал Ахметов: Кеңестердің жұмысы азаматтардың өтініштеріне негізделеді

Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындалуын қадағалайтын 12 өңірлік қоғамдық кеңестің құрамы бекітілді. Партия Лидерінің алға қойған міндеттерін ескере отырып, ең...

Кадыр түнінде мешітке жиналуға рұқсат па? – Бас мүфти жауап берді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Қадір түні мешіттерге жиналуға бола ма?» деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның...

Жаңаөзендік әйел 16 жастағы ұлын миы шайқалғанша ұрып-соққан

Жаңаөзен қаласында анасы баласын миы шайқалғанша ұрып-соққан. Енді ол ата-ана құқығынан айырылыуы мүмкін. Бұл туралы "Лада" басылымы хабарлады.  Басылымның дерегінше, оқиғаның мән-жайын қалалық аурухана дәрігері...

Қазақстанда -12 градусқа дейін аяз болады

«Қазгидромет» 17-19 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады. Алдағы 2-3 күнде Қазақстанда -12 градусқа дейін аяз болады. Метеорологтардың мәліметінше, еліміздің басым бөлігінен атмосфералық ауа ағынының әсерінен...

Жамбыл облысында сайлауалды бағдарламалардың орындалуын 10 қоғамдық кеңес бақылауға алады

Жамбыл облысындағы «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асырудың Жол картасының орындалуын жаңадан құрылған 10 қоғамдық кеңес бақылайтын болады. Бұл туралы облыс әкімі, «Nur Otan» ...

Америкалықтар асырап алған қазақ баласы Қазақстаннан туған ата-анасын іздеуде

Ной Сак Маршалл Қазақстанда туған, екі жасында оны америкалықтар асырап алған. «Менің атым – Ной (туғанда Каримов Сұлтан Үмітұлы деген аты-жөні болған). Мен 1999 жылғы...

Атырау қаласының тұрғынынан бір тоннаға жуық бекіре тәркіленді

Атыраулық полицейлер арнайы операция барысында бір тоннаға жуық бекіре балығын тәркіледі, деп хабарлайды Polisia.kz. Атырау облысы ПД 15 сәуірде "Бекіре-2021" арнайы операциясының нәтижесінде Атырау...

Түркістан: 12 қоғамдық кеңес сайлауалды бағдарламаны жүргізуге белсенді қатысады

Түркістанда «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы Саяси кеңесі бюросының мәжілісі өтті. Мәжіліске Түркістан облысының әкімі, партияның облыстық филиалының төрағасы Өмірзақ Шөкеев төрағалық етті. Күн...

Түркістан музыкалық драма театрының директоры тағайындалды

Түркістан қаласы әкімдігінің "Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" басшысының бұйрығымен Түркістан музыкалық драма театрының директоры қызметіне Көпбасарова Айнұр Сайлаубайқызы тағайындалды. Бұл туралы Түркістан қаласы әкімінің...

CureVac вакцинасы жасөспірімдер арқылы сынақтан өтеді

СureVac неміс вакцинасы жасөспірімдер арқылы сынақтан өтпек,-деп хабарлайды Хабар 24. Клиникалық сынаққа 12-17 жас аралығындағы 40-қа жуық Перу мен Панамалық жасөспірім қатысады. Бұған дейін неміс...

Әсел Қалиева: «Мыстан» сериалына түскеннен кейін ешкіммен сөйлескім келмей қалды

Өткен жексенбі 11 сәуір күні «Мыстан» веб-сериалының соңғы кадрлары түсірілді. Бұл Salem social media мен ARTDealers компаниясының бірінші ортақ жұмысы. Түсірілім жұмыстарының басқа жұмыстарға...

Белгілі журналист «Cамұрық-Қазына» АҚ Қоғаммен байланыс жөніндегі директоры болып тағайындалды

«Самұрық-Қазына»  ұлттық әл-ауқат қорының қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар жөніндегі директоры болып Марат Мұхамедсалиев тағайындалды. БАҚ және PR саласында 1996 жылдан бастап жұмыс істейді. Әр...

Жол бойында төбелес шығарған жүргізушілерге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Елордадағы жол бойында болған төбелес үшін жүргізушілер жазаланды, – деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті. Мониторинг барысында Бөгенбай батыр даңғылы бойында «Газель» және «Мерседес» маркалы...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жаңа төрағасы тағайындалды

Президент Жарлығымен Марат Ахметжанов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты жазды. Марат Ахметжанов 1964 жылы 22 желтоқсанда дүниеге...

Отандық кинематографтар шетелдіктермен бірлескен 3 фильм түсіріп жатыр

Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов мәліметінше, шетелдік және халықаралық кинокомпаниялар біздің еліміздің кино нарығына қызығушылық танытуда. Қазақстандық кинематографтар шетелдік әріптестерімен бірлескен 3 жобаны қолға...

Алик Шпекбаев қызметінен босатылды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Алик Жатқамбайұлы Шпекбаев Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз...

Жұмысын дұрыс атқармағаны үшін «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басшысы қызметінен босатылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке республикалық және жергілікті жолдардың жағдайын жақсарту жөнінде кешенді шаралар қабылдауды тапсырды. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі...

Басты мақсат – партияның Сайлауалды бағдарламасын сапалы іске асыру

Облыс әкімі, «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы А.Баталовтың төрағалығымен облыстық Саяси кеңес Бюросының отырысы өтті. Күнтәртібіндегі бірқатар сұрақ бойынша Бюро мүшелерінің дауыс беруімен құжаттар,...

«NurOtan»: партиялық бастамаларды жүзеге асыру үшін 9 кеңес құрылды

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Такир Балықбаев білім мен ғылымды дамыту жөніндегі өңірлік кеңесті басқарды. Кеңес құрамындағы 5 нұротандық – осы саланың...

Ақын Есенғали Раушанов дүниеден өтті

Қазақтың аса көрнекті ақыны, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Есенғали Раушанов дүниеден өтті. Қайғылы хабарды ақын Ақберен Елгезек Facebook желісіндегі парақшасында жеткізді. Ол 1957 жылы 5...

Өткен тәулікте 2700-ге жуық адамнан коронавирус анықталды

Қазақстанда өткен тәулікте 2656 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, – деп хабарлайды coronavirus2020.kz. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 601 Алматы қаласы - 673 Шымкент қаласы -...

Қазақстандық боксшы қыз Франция чемпионын нокдаунға түсірді

Қазақстандық Айшагүл Елеубаева Польшаның Кельц қаласында өтіп жатқан бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегін өткізді. Айшагүл өзінің француз қарсыласын төрт рет нокдаунға түсірді,...

Ақмола облысында жедел жәрдем көлігіне студенттер оқ атқан

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, Щучинск қаласында жедел жәрдем автокөлігінің терезесін зақымдағандарды анықтау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілді. Нәтижесінде 17 жастағы күдікті мен оқиғаның екі куәгері...

16 сәуір: ел тарихындағы маңызды оқиғалар күнтізбесі

1918 жылы 16 сәуірде Орынборда қазақ тілінде «Қазақ мұңы» газетінің алғашқы саны шығарылды. Газет Әліби Жангелдиннің бастамасымен құрылған. «Қазақ мұңы» большевиктер саясатын насихаттап, Алаш...

Ұлттық бірыңғай тест тапсыруға өтінім қабылдау басталды

«Ұлттық тестілеу орталығының» мәліметінше, өтінім қабылдау app.testcenter.kz сайтында 15 сәуір сағат 17.00-де басталды және бос орындар аяқталғанға дейін жалғасады. Тіркелу кезінде ҰБТ тапсыратын күнді, уақытын...

Қазгидромет бүгінге арналған ауа райы болжамын ұсынды

16 сәуірде республиканың басым бөлігінің ауа райына антициклон жотасының ықпалы сақталады. Осыған орай жауын-шашынсыз күн райы болжанады. «Қазгидромет» РМК синоптиктерінің болжамынша, республиканың тек оңтүстік...

“Грэммиі” мен “Приорасы” бар: Иманбектің желідегі суреті жұртты сүйсіндірді

Instagram желісіндегі @nursultan.city парақшасында “Грэмми” сыйлығын иеленген Иманбек Зейкеновтің көлігін жөндеп жатқан суреті жарияланды.  “Грэммиі” бар адамның “Приорасы бар”. Бір уақытта. Мұндай жағдайды бола бермейді....

ШҚО-да балалар үйінің бұрынғы басшысы 63 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді

Шығыс Қазақстан облысындағы балалар үйінің директоры мен есепшісі жемқорлық бойынша күдікке ілінді,-деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл мәселе алғаш рет 2019 жылдың қаңтарында, балалар үйінің 160 қызметкері...

Мемлекет басшысы көрсеткен 7 басымдық

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясында Мәжілістің қызметке кірісуі еліміз үшін символдық мәні бар екі оқиғамен тұспа-тұс келіп отырғанын айтты. Оның...

Қаржы пирамидасынан қашанғы опық жейміз?

2020 жылы елімізде қаржы пирамидаларының саны күрт өсіп, қа­тарына адам қосу арқылы жүретін «бизнестен» келген залал он есе артқан.  Елімізде ең алғашқы қаржы пирамидасы...

«Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды

Станислав Канкуровтың Алматы қаласы мәслихатының хатшысы лауазымына сайлануына байланысты «Nur Otan» партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасарының қызметіне жаңа кандидатура қаралды. Партияның Алматы қалалық филиалының...

Дәурен ҚУАТ: Жер сатылмайды, бірақ оны тиімді пайдаланудың тетігін жасау керек

Дәурен ҚУАТ, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, Жер комиссиясының мүшесі – Дәурен мырза, Жер комис­сия­сы­ның мүшесі екеніңізді білеміз. Осы комиссия құрамына өзіңізді ша­қырғанда ойыңызға не келді? –...

Мінсіздік теориясы немесе жақсылардан жаттық іздеу надандығы хақында

Неге екенін кім білсін, қазақ жылқы се­кілді «тістеп сүйеді» деген сөздің жаны бар. Бұл ретте де «Қазақтың өлісінің жаманы жоқ, тірісінің өсектен аманы жоқ»...

Алматыдағы әл-Фараби даңғылында ерекше көпір салынады

Алматы әкімдігінің 2022 жылға дейінгі даму жоспарындағы Әл-Фараби даңғылындағы ерекше көпір һәм таңғажайып саябақтың нобайы таныстырылды. Жаяу жүргіншілер көпірі жасыл желекті қалыптастыратын қаладағы жаңа символға...

500 ғалым мемлекет есебінен шетелде тағылымдамадан өтеді

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті, – деп хабарлады Ақорда. Биылдан бастап Мемлекет басшысының...

Air Astana Алматы-Батуми бағытында жаңа рейс ашады

15 мамырдан бастап аптасына 3 рет, дүй­сенбі, сәрсенбі және сенбі күндері Алма­ты­дан Батумиге тұрақты рейс қатынайды. Рейстер Airbus A320 лайнерлерімен жүзеге асырыла­ды. Дүйсенбі мен сәрсенбіде KC...

Түркістанда тәуелсіздіктің 30 жылдығы құрметіне 30 миллион ағаш отырғызылады

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен өңірде 30 млн. ағаш отырғызу жұмыстары ұйымдастырылуда, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз...

Алимент төлемеген борышкер баласына пәтерін берді

Елордада алимент төлемеген борышкер баласына пәтерін жазып берді, – деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының Жеке сот орындаушылар өңірлік палатасы. «2020 жылғы 19 наурызда А. есімді...

Атажұртқа алғаш көш бастаған қандастар

Биыл ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен қатар, шетелдегі қандастардың атажұртқа бастаған көшіне де 30 жыл толды. Осынау тарихи сәтке мұрындық болып, үлкен игі іс атқарған...

Батыс Африка балаларына білім беріп жүрген Лаура

Туған жылы: 1981 Туған жері: Жамбыл об­лы­сы Жамбыл ауданы Жасөр­кен ауылы Білімі: Жамбыл техника­лық-гу­манитарлық университеті Қызметі: Ломедегі британдық мек­теп (Батыс Африка, Того мемлекеті) Қазіргі таңда қазақстандық мұғалімдер штаб-пәтері...

Елтаңбаны қоқысқа тастаған кім – Прокуратура тексеріп жатыр

Павлодар облысындағы ауылдардың біріндегі қоқыс үйіндісінде Елтаңба мен прокуратура тақтайшасы табылды. Құзырлы органдар мемлекеттік символ қалай қоқыста қалғанын анықтауда. Tengrinews.kz сайтының жазуынша, Instagram желісінде жарияланған...

Қазақстанда киік санағы басталды

Қазақстанда киіктердің санын анықтау үшін тікұшақпен әуеден санау басталды. «14 сәуірде ҚБСҚ қызметкерлері ұшу алдындағы дайындықты өткізді: есептеушілерге арналған тренинг жүргізілді, маркерлерді орнату және есеп...

Вакцина алған адамға коронавирус неліктен жұғады – ДСМ жауап берді

Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті вакцинациядан кейін 16 қазақстандықтың коронавирус жұқтыру жағдайын түсіндірді. Комитеттің ресми өкілі Ержан Байтанаев елімізде қолданылатын коронавирусқа қарсы вакцинаның құрамында...

Хан Кененің қазасы

Өткен жылдың соңын­да әлеуметтік желі­де қырғыз жазушысы За­мирбек Осоров пен «Бей­бітшілік үшін күрес» қоғам­дық қорының мүшесі Вале­рий Яковлевтің қа­зақтың ханы Кенесарыға Бішкектің төрінде ескерткіш...

Тауардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету аса маңызды – Сенатта заң жобасы қабылданды

Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен Палата отырысында «Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінде талаптар белгіленбеген өнімнің Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі айналысының тәртібі және мұндай...

Сөздік құрастыруға қазақстандық ғалымдар көмектеседі

Газетіміздің 2021 жылғы 18 ақпандағы (№07) санында Оңтүстік Кореяның Хангук шет тілдері университетінің түлегі әрі қызметкері Цой Ён Сонның (қазақша есімі – Нұрай) «Қазақ-кәріс...

Білім сайысы мәресіне жетті

2021 жылы сәуір айының алғашқы күндері күндері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жыл сайынғы дәстүрге айналған «Халықаралық Фараби оқулары» атты халықаралық ғылыми іс-шара өтті....

Елімізде ғылыммен айналысуға кедергі жоқ

Қоғамда «Жастар ғылым саласына қызықпайды» деген таптаурын көз­қарас қалыптасқан. Оған себеп те жоқ емес. Ғылымның болашағына деген күмән, ғылыми институттардың материалдық-техникалық базасы­ның әл­сіздігі, жалақының...

Вакцина салдырған 16 адам коронавирус жұқтырды – ДСМ

Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті СOVID-19 инфекциясына қарсы вакцина салдырған 16 қазақстандық коронавирус жұқтырғанын айтты.  «Қазіргі уақытта вакцинациядан кейін (бірінші және екінші кезең) коронавирус...

Карантин құрсауы кәсіпкерлікке ауыр соққы болды

Елімізде коронавирус қайта өршіді. Республика аума­ғында вирустың мутацияланған түрі анықталғалы бері індет жұқ­тыр­ғандардың тәуліктік өсімі күннен-күнге ар­тып келеді.  «Қызыл» аймаққа енген өңірлерде шектеу шара­­­лары...

Ерке Есмахан: Ораза ұстамауымның жақсы бір себебі бар

Әнші Ерке Есмахан өз тыңдармандарын қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтап, ораза тұтқан жамағатқа тілегін айтты. Әншінің өзі биыл ораза ұстамаған екен. Айтуынша, оның жақсы...

АҚШ-та метеорит құлады

АҚШ-тың Флорида штатындағы Уэст-Палм-Бич қаласына метеорит құлады. Американың American Meteor Society метеор қоғамының операциялық менеджері Майк Хэнки оның Жер атмосферасына кіргеннен кейін жалындаған болид...

Сәкен Майғазиев коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

Танымал әнші, «Шымкент қалалық мәдениет үйі» концерттік ұйымы» МКҚК директорының міндетін атқарушысы Сәкен Майғазиев коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Әнші Шымкенттегі Медикер орталығында «Спутник V» екпесін...

Кемелдік келбеті

Саясатты мемлекет басқар­ған тұлғалар жасайтыны бел­гілі. Сондай-ақ, саясат жайын­­да аса ауқымды талдаулармен ел бо­ла­шағы үшін істелген іс­тердің мән-ма­ғы­насын жан-жақ­ты түсіндіріп беретін де солар. Өйткені...

Елімізде вакцина салдырғандар саны жарты миллионнан асты

Денсаулық сақтау министрлігі Telegram каналында еліміз бойынша вакцина алғандар азаматтар бойынша мәліметтерді жариялады. 2021 жылғы 15 сәуір күнгі деректер бойынша: Нұр Сұлтан қаласында І компонентпен...

Дания AstraZeneca вакцинасын қолданыстан шығарды

Дания AstraZeneca COVID-19 вакцинасын қолдануды толығымен тоқтатқан алғашқы ел болды, - деп хабарлайды Reuters. Дания билігі қан ұю қаупі туралы хабарламаларға байланысты AstraZeneсa вакцинасын қолдануды...

Түркістанның 1500 жылдығын атап өткендегі мәлімет жаңсақ, көне қаланың 3 мың жылдық тарихы бар – тарихшы

Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде шетелдік ірі ғалымдар, археологтармен «Түркістанға 3000 жыл» атты дөңгелек үстел өтті. Кездесуде Түркістан облысы әкімінің...

Тәуелсіздік күнтізбесі: 15 сәуірде қандай елеулі оқиғалар болды?

1993 жылы Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігінде Елшілігі ашылды. 2005 жылы Лондонда Қазақстан Республикасы «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ-ның Ұлыбританиядағы өкілдігі ресми ашылды. 2006 жылы Түркия Республикасының беделді...

Есіл өзенінің бойындағы 18 ауылды су басуы мүмкін

Солтүстік Қазақстан облысында Есіл өзенінің бойындағы 18 ауылды су басуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24». Қазір өңірде Сергеев су қоймасы тасып жатыр.

Мәжіліс жер туралы заңды Сенатқа жолдады

Мәжіліс ауылшаруашылығы жерлерін шетелдіктерге жалға беру мен сатуға тыйым салатын заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Atameken Business.  Тарихи құжат осылайша Сенат қарауына...

Өткен тәулікте 2 641 адамнан коронавирус анықталды

Елімізде өткен тәулікте 2 641 адамнан коронавирус инфекциясы ПТР тест арқылы анықталды, деп хабарлады COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия. Өңірлер бойынша мәлімет: Нұр-Сұлтан қаласы - 650, ...

Алматыда жаңа тоғыз саябақ ашылады

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың 2021 жылғы дамуы туралы, атап айтқанда жақын арада салынатын саябақ аймақтары туралы айтты, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі. Алматыда...

Қырғыз Республикасында қазақ диаспорасының экс-басшысы ұсталды

Қазақ диаспорасының экс-басшысы Марат Тоқтаучиков Қырғызстандағы мемлекеттік опасыздық ісі бойынша ұсталды. Кеше Қырғыз Республикасының МҰҚК екі азаматты мемлекеттік опасыздық ісі бойынша ұстау туралы ақпарат таратты....

Жаңа қаулы: ШҚО-да шектеу шаралары ұзартылды

Шығыс Қазақстан облысында шектеу  шаралары 2021 жылғы 15 сәуірден 28 сәуірге дейін ұзартылады, деп хабарлайды "ҚазАқпарат"ХАА. ШҚО Бас мемлекеттік санитар дәрігері Қанат Тұрдиев 2021 жылғы...

Қайыңды көлінің ортасында матраста жатқан қыз елдің ашуына тиді

Қазақстандықтар Қайыңды көлінде бейнеролик түсірді. Кадрлардан бір қыздың су артасында қалқып тұрған үрлемелі матрастың үстінде жатқанын көруге болады. Оның ұлттық парк аумағындағы әрекеті жұртты...

Жүкті әйелді ауруханаға апара жатқан жедел жәрдемге оқ атылды

Щучинск қаласында жүкті әйелді ауруханаға апара жатқан жедел жәрдем көлігіне оқ атылды. Оқиға 11 сәуірде кешкісін болған, деп хабарлайды Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасы. Көлікте...

Тұрғын үй нарығы тұрақтайтын болды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев мамырда жылжымайтын мүлік нарығындағы бағаның өсуі түпкілікті тоқтайтынын, бағалар тұрақтанатынын мәлімдеді. – Біз апта сайын жылжымайтын мүлік...

«Махаббат қызық мол жылдар» жаңа форматта қайта басылып шықты

Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» романы «Фолиант» баспасынан жаңа форматта қайта басылып шықты. Бұл туралы ҚЖО-ның Нұр-Сұлтан...

«Нурикамал» әнінің кейіпкері қайтыс болды

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нурикамал Сейітжанқызы дүниеден өтті. Нурикамал Сейітжанқызы 1949 жылғы 12 наурызда Ақмола облысығ Державин ауданының Братолюбовка ауылында туған. Ұзақ жылдар лауазымды қызметтер...

Қандай препарат екені құпия: Путин екінші рет коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

Ресей президенті Владимир Путин екінші рет коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Алайда Кремль қандай препарат екенін нақты жариялаудан бас тартты. Владимир Путин алғашқы вакцинаны 23 наурызда...

Атырау тұрғыны 30 жылдан кейін жаңа құжат алды

Анатолий Жбанов бұған дейін төлқұжатын 32 жасында өзгертіпті. Қазір ол 63 жаста. Осы уақыт ішінде ол Кеңес одағы кезіндегі төлқұжатпен жүрген. Бұл туралы Orda.kz...