Жаңалықтар

Президент Степногорск жылу электр орталығына барды

ашық дереккөзі

Президент Степногорск жылу электр орталығына барды

Мемлекет басшысы Степногорск қаласының жылу электр орталығының жұмысымен танысты деп хабарлады turkystan.kz. Президентке «Степногорск жылу электр орталығы» ЖШС-нің техникалық жай-күйі және Ақмола облысындағы жылыту маусымының барысы жөнінде мәлімет берілді. Облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың айтуынша, өңір бойынша Степногорскіде бір ЖЭО бар және 663 қазандық жұмыс істейді. Қазандық жабдықтарының орташа тозу деңгейі 50 пайызға жеткен. Степногорск қаласындағы жылу желілерінің 82 пайызы тозған. Ақмола облысында жылыту маусымы аяқталғаннан кейін барлық жылу желісіне және қазандық жабдықтарына техникалық тексеру жүргізіледі.  Облыс әкімінің баяндамасын тыңдаған Президент Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға әкімдікпен бірге Степногорск қаласын жылумен қамту мәселесінің шешу жолдарын егжей-тегжейлі пысықтауды тапсырды.