Алмазбек Атамбаев бостандыққа шықты

Алмазбек Атамбаев бостандыққа шықты

Алмазбек Атамбаев бостандыққа шықты
ашық дереккөзі
Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев бостандыққа шықты деп хабарлады turkystan.kz  24.kg порталына сілтеме жасап. Сондай-ақ саясаткерге емделу үшін елден тыс жерлерге шығуға рұқсат етілді. «Соңғы екі жылда Алмазбек Атамбаев Калыс-Ордодағы мектеп бойынша қылмыстық істер бойынша, түрік азаматтарының төлқұжаттары бойынша, мемлекеттік билікті басып алу әрекеті бойынша, қазан айындағы оқиғалар бойынша толығымен ақталды», - деді Қырғызстан Социал-демократиялық партиясының төрағасы Темірлан Сұлтанбеков. Алмазбек Атамбаев 2020 жылдың маусым айында 11 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Ол Бішкек маңындағы колонияда жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды деген айыппен 16 жыл 8 айға сотталған қылмыс әлемінің авторитеті Азиз Батукаевтың мерзімінен бұрын түрмеден шығуына көмектесті деген айыппен сотталды. 2013 жылы Батукаев медициналық комиссияның қорытындысы бойынша түрмеден босатылып, оған қан қатерлі ісігінің соңғы сатысы диагнозы қойылған еді. Бірнеше сағаттан кейін ол жаңа төлқұжат алып, елден кетіп қалған. Тергеудің мәліметіне қарағанда, оны босатуға жоғары лауазым иелері, оның ішінде экс-президент Алмазбек Атамбаев қатысқан. Оларға «ұйымдасқан қылмыстық топтың мүддесі үшін сыбайлас жемқорлықты ұйымдастырды» деген айып тағылған. 2020 жылдың маусымында Бішкек аудандық соты Алмазбек Атамбаевты қылмыскер Азиз Батукаевты заңсыз босатқаны үшін кінәлі деп тапты. Экс-президенттің мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік наградаларынан айырылып, 11 жыл 2 айға сотталды. Екі жылдан кейін Атамбаев екі қылмыстық істен ақталды. Алайда кейін Жоғарғы сот өз шешімін бұзып, экс-президентке қайта айып таққан. Темірлан Сұлтанбековтің айтуынша, Атамбаевқа екі ота жасалады. Айта кетейік, Атамбаев 2011 жылдан 2017 жылға дейін Қырғызстан президенті қызметін атқарды.