Психологиялық тест: ағаштың бірін таңдаңыз

Психологиялық тест: ағаштың бірін таңдаңыз

Психологиялық тест: ағаштың бірін таңдаңыз
ашық дереккөзі
Суретке қарап өзіңізге ұнаған ағашты таңдаңыз. Сол ағаштың нөміріне сәйкес сипаттаманы оқып, өзіңіздің шынайы болмысыңызды біліңіз. 1. Романтикаға жаны жақын адамдар. Армандағанды ұнатады. Өте аңғалдақ келеді. Айналадағы адамдарға тез алданып қалады. Өзгеге сенім арта біледі. Бірақ кей адамдар оның бұл қасиетін жеке басының қамына пайдаланып кетеді. 2. Эмоцияға берілмейтін, реалист адамдар. Талапшыл жандар. Соның арқасында жұмыста және өмірде талай белестерді бағындыра алады. Бірақ біржақты көзқарасты ұстанады. Бұл кейде адамдармен қарыс-қатынаста үлкен кедергісін тигізеді. 3. Бұл адамдардың көңіл-күйі тұрақсыз болады. Кедергілерге тап болғанда тез шешім шығара алмай, қиналады. Ортаға бірден бейімделіп кетпейді. Таныстары көп болса да, олардың ішінен іріктеп барып, екі-үшеуін ғана жақын тартады. Бетке айтатын адамдар. 4. Кез келген мәселеде кемшіл тұсты байқап, бірден дұрыс бағытты алып жүре алады. Қажет кезде кеңес беруге дайын. Десе де, өз сезімдерін жиі тежейді. Эмоцияны көрсетпей, іште бүгіп қалады.