Үйінді астында 9 күн жатқан ағайынды жігіттер құтқарылды

14 ақпан, 2023 / Меруерт Сағымхан
ашық дереккөзі
Үйінді астында 9 күн жатқан ағайынды жігіттер құтқарылды Кахраманмараш провинциясының Дулкадироғлы ауданында жер сілкінісінен 198 сағат өткен соң үйінді астынан ағайынды екі жігіт құтқарылды деп хабарлады turkystan.kz. Anadolu басылымының мәліметінше, құтқарушылар 17 жастағы Мухаммед Энес Йенинар мен оның ағасы 21 жастағы Баки Йенинарді үйінді астынан алып шықты. Ағайындыларға алғашқы медициналық көмек көрсеткеннен кейін ауруханаға жатқызылды.