Жаңалықтар

Медеу Арынбаев Қазақстан Композиторлар одағының құрамына кірді

ашық дереккөзі

Медеу Арынбаев Қазақстан Композиторлар одағының құрамына кірді

Әнші, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық байқаулардың лауреаты Медеу Арынбаев Қазақстан Композиторлар одағы құрамына кірді деп хабарлады turkystan.kz. Одақтың төрағасы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор Серікжан Әбдінұров салтанатты түрде Медеу Арынбаевқа ұйымның куәлігін табыстады. Өнер иесін құттықтауға достары мен әріптестері келді. Олардың қатарында  Жұбаныш Жексен, Жеңіс Ысқақова, Еркін Ынтықбаев, Темірлан Төлегенов, Азамат Сатыбалды және басқалары болды.