Жаңалықтар

Пойызда қыз баланы зорламақ болған ер адам ұсталды

ашық дереккөзі

Пойызда қыз баланы зорламақ болған ер адам ұсталды

6637 әскери бөлімінің әскери қызметкері, майор Еркін Жантурин жолаушылар пойызында қызды қорламақ болған ер адамды ұстады деп хабарлады turkystan.kz ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 10 ақпанда сағат 18.00 шамасында «Алматы-Петропавл» бағыты бойынша жолаушылар пойызында кезекті іссапардан оралған майор Еркін Жантурин көршілес купеден көмекке шақырған қыздың айқайын естіді. Дыбыс шыққан купеге жақындағанда біреудің купенің ішінде есікті әдейілеп жауып тұрғанын байқайды. Есікті күшпен ашқанында бұрышта үрейленіп отырған қызды көреді. Ол қыз баланы қорлауға тырысқан. Офицер ер адамды ұстап алды. Қыздың айтуынша, бір купеде келе жатқан ер адам оған таныс емес екен. «Сарышаған» станциясындағы аялдамадан оны полиция қызметкерлеріне тапсырды. «Оқиға кешкі уақытта болды. Мейрамхана вагонынан кешкі ас ішкеннен кейін купеге келіп, тынығайын деп жатқаным сол еді, жас қыздың көмек сұрап, айқайлаған даусын естідім. Купеге кірген кезде ер кісінің қызды қорлауға тырысып жатқанын байқадым және оны дереу ұстадым», - деді майор Еркін Жантурин. Қарағанды облысының 36 жастағы тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғалды.