ШҚО-да жантүршігерлік жол апатынан үш адам қаза тапты

ШҚО-да жантүршігерлік жол апатынан үш адам қаза тапты

ШҚО-да жантүршігерлік жол апатынан үш адам қаза тапты
ашық дереккөзі
ШҚО-да жол апатынан үш адам қаза тапты деп хабарлады turkystan.kz. Өскемен-Рахман қайнары республикалық маңызы бар тасжолында Топқайың және Катонқарағай ауылдары арасында ВАЗ-208 және Lada Granta көліктері соқтығысып, салдарынан ВАЗ-2108 көлігінде болған 87 жастағы жолаушы оқиға орнында қаза тапты.
«ВАЗ-2018 көлігінің 19 жастағы жүргізушісі және Lada Granta-дағы кәмелетке толмаған жолаушы Катонқарағайдағы ауруханаға жеткізілді, алайда олар да көз жұмды. ҚР ҚК-нің 345-бабы, 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Бірқатар сот сараптамалары тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процестік шешім қабылднады», - делінген хабарламада.