Қаңтар оқиғасында ұрлануы мүмкін қару табылды

Қаңтар оқиғасында ұрлануы мүмкін қару табылды

Қаңтар оқиғасында ұрлануы мүмкін қару табылды
ашық дереккөзі
Алматы-Өскемен автожолы бойында қаңтар оқиғасында ұрланған болуы мүмкін қару табылды деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Алматы облысының Полиция департаментінен хабарлағандай, 13 ақпан күні Алматы-Өскемен автожолында, Арна ауылының маңынан полиэтилен пакетіне салынған мылтық табылды. Нақты айтқанда, пакет ішінде қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған болуы мүмкін BENELLI 12 калибрлі тегіс ұңғылы мылтық болған. «Осы оқиға Қонаев ҚПБ-да тіркелді. Қажетті сараптамалық тексерулер тағайындалды және тергеу жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады Алматы облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметінде.