Жаңалықтар

Түркияда жер сілкінісінен қираған 6 үйдің мердігері ұсталды

ашық дереккөзі

Түркияда жер сілкінісінен қираған 6 үйдің мердігері ұсталды

Түркияның Адыяман провинциясындағы Бесни ауданында жер сілкінісі салдарынан қираған алты үйдің мердігері ұсталды деп хабарлады Анадолы ақпарат агенттігі. Алдын ала мәлімет бойынша, Шюкрю Ишитмен салған үйлер қирандыларының астында 123 адам қаза болды деп хабарлады Адыяман прокуратурасы. Ишитмен ұсталып, Бесни аймағына жеткізіледі. Іс бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр. Aнадолу агенттігінің хабарлауынша, зілзаладан зардап шеккен провинцияларда жер сілкінісіне қатысы бар қылмысты тергеу департаменттері құрылады. Бұған дейін Түркияда жер сілкінісі кезінде құлаған ғимараттардағы құрылыс ақауларына байланысты сегіз адам қамауға алынғаны хабарланған болатын. Түркияның Хатай провинциясында жер сілкінісінен кейін толығымен қираған Rönesans Rezidans тұрғын үй кешенінің бас сәулетшісі елден Ыстанбұл әуежайында елден қашпақ болған жерінен ұсталды.