Жаңалықтар

Қостанай облысында жол апатынан жүргізуші көз жұмды

ашық дереккөзі

Қостанай облысында жол апатынан жүргізуші көз жұмды

Қостанай облысында болған жол-көлік оқиғасы дерегіне қатысты полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады деп хабарлады turkystan.kz. Polisia.kz сайтының мәліметінше, жол апаты Қостанай-Әулиекөл-Сұрған тасжолының 190-шақырымында болды. ҚР ҚК-нің 345-бабында көзделген «Жол қозғалысы ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. «ВАЗ автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы бағытына шығып кеткен. Салдарынан 30 жастағы ВАЗ жүргізушісі сол жерде қайтыс болды. Екі жолаушы ауруханаға жатқызылды. Оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр», - делінген хабарламада.