Жаңалықтар

Павлодарда бірнеше мектепке мина қойылғаны туралы хабарлама келді

ашық дереккөзі

Павлодарда бірнеше мектепке мина қойылғаны туралы хабарлама келді

Павлодарда тағы бірнеше мектепке «мина қойылды» деп хабарлады turkystan.kz. 13 ақпанда полицияға №34 ЖОББМ директорының электрондық поштасына «мектепте мина қойылған» деген хабарлама келгені туралы арыз түсті. Оқиға болған орынға барлық қызметтер шұғыл жіберілді. Жедел топтың қызметкерлері мектеп ғимаратына тексеру жүргізді. 1115 адам эвакуацияланды. Оның ішінде 950 оқушы бар. Сондай-ақ №35 ЖБОМ-тен 1000 адам эвакуацияланды. Тексеріс кезінде қандай да бір күдікті зат анықталған жоқ. Осы факті бойынша полиция тексеріс жүргізіп жатыр. Полицияда ұқсас хабарламалар №9 және 28 мектептің пошталарына келіп түскенін айтты. Бірақ, полицияға білім беру ұйымдары бүгін хабар берген, осыған байланысты эвакуация жүргізілген жоқ.