Жаңалықтар

Қарағандылық оқушылар ел тарихын дәріптейтін комикс журнал шығарды

ашық дереккөзі

Қарағандылық оқушылар ел тарихын дәріптейтін комикс журнал шығарды

Қарағанды облыстық Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының оқушылары «Тарихи хикаялар» сериясымен комикс журналдарын шығара бастады. Бұл туралы turkystan.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады. «Мақсат - тарих пәніне деген қызығушылықты заман өзгерістеріне сай насихаттау. Төменгі сынып оқушылары сурет арқылы ақпаратты тез қабылдайды және аниме, манга жанрына құмар. Мұны кітапханаға комикс сұрап келетін балалардың көптігінен байқап, 11-сыныптың оқушыларына қазақша комикс жасап көруді ұсындым. Олар бірден келісті. Алдымен тақырып таңдап, зерттеп, іске кірісіп кетті де, көп ұзамай, мектеп басшылығының қолдауымен «Қазақ хандығының құрылуы» атты комикс дайын болды», - деді тарих пәнінің мұғалімі Әсем Тарыбаева. Алғашқы 10 дана журнал мен комикстің электронды нұсқасы мектеп ішінде үлкен сұранысқа ие. Бұл Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-лицей-интернатында комикс үйірмесінің ашылуына түрткі болды. Қазір мұнда 15 бала жаңа жанрды игеруде. Ашылғанына 1 ай болған үйірме қатысушылары «Тарихи хихикаялар» сериясының екінші шығарылымын ұлт ұстазы - Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арнап отыр.